Михаил Ломтадзе ағылшын футбол клубын сатып алды

2117 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 06 Мая 2024, 13:00

Ол Қазақстандағы Kaspi.kz компаниялар тобының иесі

Kaspi.kz компаниялар басқарма төрағасы, қазақстандық миллиардер Михаил ЛОМТАДЗЕ ағылшын футбол клубын сатып алды, деп жазады kursiv.media.

BBC ақпаратына сүйенсек, Wikomb Wonderers ағылшын футбол клубын Ломтадзеге тиесілі Blue Ocean Partners Ltd компаниясы сатып алған. Осы маусымда ағылшын бірінші лигасында 10-орынға ие болған клубтың 90% можаритарлы акциясы енді Ломтадзе компаниясына тиесілі.

"Біздің мақсатымыз – қаржылық тұрақты клуб құру кезінде алаңда да, одан тыс жерлерде де ұзақ мерзімді табысқа жету. Футбол әлемі өте жылдам дамып келеді және біздің басымдылығымыз клубтың тиімділігін келесі деңгейге көтеру үшін деректер аналитикасы мен технологияларын біріктіру болады", – дейді қазақстандық миллиардер.

Ломтадзенің клубты қанша қаржыға сатып алғаны туралы ақпарат жария етілмейді.

Читайте также
Африкалық футболшы қазақ қызымен екі жыл кездескенін айтты

"Мен жастардың дамуына қатты сенемін және бұл клубтың көзқарасы үшін маңызды болады. Біз жоғары деңгейде тұрақты өнер көрсететін клубты дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын кұрып, жетекші академияны қайта ашуға және құруға ұмтыламыз", – дейді ол.

Биыл Михаил Ломтадзе Forbes миллиардерлер тізімінде 581-орынға ие болған. Оның байлығы 5,7 миллиард долларға бағаланған. Ол Қазақстандағы Kaspi.kz компаниялар тобының иесі.

Wikomb Wonderers 1993 жылы ағылшын футбол лигасына ауысып, бұрынғы жаттықтырушы Гарет Эйнсворттың басшылығымен 2020/21 маусымында чемпионат маусымын өткен.

Kaspi.kz АҚ өз акционерлері тізілімінің үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды. Онда Kaspi.kz басшысы және тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе финтех холдингіндегі үлесін 21,53%-ға дейін қысқартқаны жазылған.

2024 жылдың 1 қаңтарындағы акционерлердің құрамы туралы мәліметтерге сүйенсек, Михаил Ломтадзенің финтех холдингіндегі үлесі 23,42%-ды құраған.

Фото: sportplustv.kz. 

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай