Министр мектептегі дәретхана туралы: Ұсақ мәселе деп қарауға болмайды

2328 просмотров
0
Ратель
Вторник, 20 Окт 2020, 16:40

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылдың қарашасынан бүгінге дейін 2 700 мектептің ішінде 2 456 білім беру ұйымына жылы дәретхана орнатылды

Білім беру ұйымдарын жылы дәретханалармен қамтуды ұсақ мәселе деп қарауға болмайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Жалпы ауқымды жұмыс жүргізілді. Бізге "бұл министрлік деңгейінде қарайтын мәселе емес" деген пікірлер жетіп жатыр. Бірақ, балалардың қауіпсіздігіне, денсаулығына байланысты мәселе болғаннан кейін мұны ұсақ жайт деп қарауға болмайды. Өте маңызды мәселе. Алдыңғы жылы Тараз қаласында орын алған оқиға әлі де естеріңізде болуы керек. Сондықтан бізге бұл мәселені шешу бойынша 10 ай бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасы болған. Қазір өздеріңіз көріп отырсыздар, бұған дейін 2 700 мектептің санитарлық-гигиеналық қажеттіліктері болмаса, бүгінде 2 456 мектепте жылы дәретханалар салынып, пайдалануға беріліп отыр. Қалғаны - 245. Оның 195-і қазір салынуда, қалған 50-і бойынша да жұмыс басталыпты", - деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат кеңесі барысында.

Читайте также
Ташкентте қоғамдық көлікте маскамен бірге қолғап та кию талабы енгізілді

Сонымен қатар министр жылы дәретханалардың жұмыс істеп тұруы, одан кейін бөлек кабиналардың болуы, сумен қамтамасыз етілуі, басқа да мәселелер шешілуі керектігін баса айтты.

"Дәретахананы салғанымен оны жауып қойып, даладағы дәретханаға барып жүретіндей жағдайға жол бермеуіміз керек. Ондай жайттар да кездесіп тұрады, жасыратыны жоқ. Оны алдыңғы жылы көрдік. Сондықтан үлкен жұмыс жүргізілді деуге болады. Дегенмен, өңірлер бойынша жылдың соңына дейін жүргізілетін жұмыс көрсетілді. Білім басқармаларының басшылары осыны басты бақылауға алуы керек. Желтоқсанда бұл мәселені қайта қараймыз", - деді ол.

Айта кетерлігі, аппарат кеңесі барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің басшысы Гүлзат КӨБЕНОВА Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында мектептерге жылы дәретхана салу мәселесі тежеліп отырғанын айтқан еді.

Елімізде дәретханасы аулада орналасқан 245 мектеп қалып отыр. Бұл туралы Гүлзат Көбенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгінде мониторингпен 6 971 мектеп қамтылды. Тек 245 мектеп ғана ауладаға дәретхана қалып отыр. Іс жүзінде бір жыл бұрын бұл сан 2 700-ден астамды мектепті құраған болатын. Осы арқылы өңірлердегі жылы туалет орнату динамикасын байқаймыз. Дәретхана аулада орналасқан 245 мектепте жынысына байланысты бөлу, аралық қабырға орнату сынды проблемалар бар. Дегенмен, бұл мектептер шешім тауып жатыр. Олардың ішінде 195 білім беру ұйымы жылы дәретхана орнату жұмыстарын жүргізу үстінде. Қалған 50 мектепке қатысты мәселе шешілуде. Бұл білім ордалары Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында орналасқан", - деді Гүлзат Көбенова министрліктің аппарат кеңесі барысында.

Читайте также
"Сотқа жүгіну керек": сарапшы телефон арқылы ақша аударатындарға кеңес берді

Оның атап өтуінше, дәретханаларды жынысқа байланысты бөлу, аралық қабырға жасау мәселелеріне де мониторинг жүргізілген. 33 мектеп дәл осындай сәйкессіздікті жоюы тиіс. 195 мектепте аталған проблеманы жоюға бағытталған жұмыс аяқталуға жақын. Олардың барлығында жыл соңына дейін кемшіліктерді жою жұмыстары атқарылады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылдың қарашасынан бүгінге дейін 2 700 мектептің ішінде 2 456 білім беру ұйымына жылы дәретхана орнатылды. Жылы дәретханалар толыққанды жұмыс істеу үшін жынысына қарай бөлу, аралық қабырға қарастыру, су беру мәселесін шешу қажеттігіне назар аудартқым келеді. Әлі күнге дейін 197 ұйымда су беру проблема орын алып отыр. Сонымен қатар кәріз жүйесіне қосу мәселесін де шешкен жөн",- деді ол.

Фото: CABAR.asia.

Оставьте комментарий

Регистрация для комментариев:



Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Серик Буркитбаев: Вода - это суверенитет
Почему идея поворота сибирских рек опасна для Казахстана и какой водный сценарий эксперт считает стратегически верным
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером