Министр шетелдіктерге берілген жердің көлемін жариялады

3733 просмотров
0
Ратель
Среда, 07 Апр 2021, 12:45

Бірлескен кәсіпорындар мен шетелдіктерге берілген жердің жалға алу мерзімі 2025 жылға дейін аяқталады, деді Омаров

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров шетелдіктерге берілген жерлер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгінде мораторийге дейін берілген жерлер бар. Атап айтқанда, 74,4 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері 7 біріккен кәсіпорынның үлесінде. Үлесінде болғанда соларға жалға берілген. Одан басқа екі шетелдік заңды тұлға 18,5 мың гектар жерді жалға алып отыр", - деді Омаров мәжілістің жалпы отырысында.

Министрдің айтуынша, бірлескен кәсіпорындар мен шетелдіктерге берілген жерлердің жалға алу мерзімі алдағы төрт жылда аяқталады.

Читайте также
Асхат Аймағамбетов: Диссертацияны онлайн форматта қорғауға болады

"Олардың жалға алу мерзімі 2022-ден 2025 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Осы уақыт өткеннен кейін бұл жерлердің бәрі үкіметке қайтарылатын болады", - деп атап көрсетті Омаров.

Айта кетейік, президенттің тапсырмасы бойынша арнайы заң жобасы мәжілістің қарауына енгізілді. Оған сәйкес, ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайды және жалға берілмейді. Құжатта осы санатқа кіретін азаматтар да көрсетілген. Олар:

  • шетелдіктер;
  • азаматтығы жоқ адамдар;
  • шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғалары;
  • халықаралық ұйымдар;
  • халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар.

Бұдан бөлек, қандастар азаматтық алғанша ауыл шаруашылығы жерлерін жалға ала алмайды.

Жер туралы заңның атышулы баптарына қатысты жарияланған мораторийдің мерзімі 2021 жылдың желтоқсанында аяқталады. Бүгін мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Фото: 24.kz.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай