Не үшін? Ресейдің әскері Қазақстанға кірді

3993 просмотров
0
Акмарал ШАЯХМЕТОВА
Понедельник, 21 Окт 2024, 14:00

Алты күнде Алматыға тоғыз рет қонған Ресейдің әскери жүк ұшағы Қазақстанға не тасып жүр

Flightradar24.com сайтында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігіне тиесілі борт нөмірі RA-78842 Ил-76МД-90А әскери жүк ұшағының 9 қазаннан 14 қазанға дейін тоғыз рет Алматыға қонғаны тіркелді.

Осыған байланысты Ratel.kz редакциясы ҚР Қорғаныс министрлігіне сауал жолдады:

  1. Бұл ұшақ Қазақстанға алты күннің ішінде тоғыз рет қандай мақсатпен келді?
  2. Ресейдің әскери жүк ұшағы Алматыға не тасып жүр?

ҚР Қорғаныс министрлігі жауап берді. Оның хабарлауынша, Ресей Алматыға әскерилердің жеке құрамы мен соғыс техникасын тасып әкелген. Өйткені 9-14 қазан аралығында Қазақстанның жерінде ОДКБ-ның “Нерушимое братство-2024” дейтін жиыны өте қалған. Ресейдің контингенті ОДКБ-ның бітімгершілік күштерімен бірлесіп, командалық-штабтық жаттығуларға қатысқан дейді.

Фото: ашық дереккөздерден.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.