Ол неге құпия? Федерация Черчесовтың жалақысын жасырып отыр

1441 просмотров
0
Ратель
Вторник, 04 Июн 2024, 12:00

Бұған дейін оған жылына 1,2 млн еуро жалақы төленетіні жайлы мәлімет тараған

Қазақстан футбол федерациясы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Станислав ЧЕРЧЕСОВ алатын жалақыға қатысты мәлімдеме жасады. Федерация бас бапкердің жалақысы туралы БАҚ-та тараған ақпарат асыра көрсетілген және жалған екенін айтады.

Алайда ҚФФ бапкердің нақты қанша алатынын ашып жазбаған, дейді kursiv.media.

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесовтің жалақысы туралы ақпарат асыра көрсетілген және шынайылыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.

Читайте также
"Черчесов керек емес": қазақ жанкүйерлері қарсы шығып жатыр

Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдарында оған жылына 1,2 млн еуро жалақы төленетіні жайлы мәлімет тараған. Алайда Федерация келісімшарттың құпиялығына сілтеме жасай отырып, бапкердің жалақысын жария етпеді. Сонымен қатар, келісімшарт бюджет тарапынан қаржыландырылмайтынын атап өтті.

3 маусымда ресейлік Станислав Черчесовтың футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалғаны белгілі болды. Ол футболшы кезінде “Спартак” (Орджоникидзе), “Спартак” (Мәскеу), “Локомотив” (Мәскеу) және “Динамо” (Дрезден) сияқты клубтарда ойнаған.

Жаттықтырушы ретінде Ресейдің “Спартак” (Мәскеу), “Жемчужина”, “Терек”, “Амкар”, “Динамо” (Мәскеу) сынды командаларда жұмыс істеген. Сондай-ақ Станислав Черчесов Польшаның “Легиясын”, Ресей құрамасын және Мажарстанның “Ференцварошын” басқарды.

Бапкерлік мансабындағы жетістіктері:

  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2007)
  • Польша чемпионы (2015/16)
  • Польша кубогының жеңімпазы (2015/16)
  • 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалы (Ресей құрамасымен)
  • Мажарстан чемпионы (2021/22, 2022/23)
  • Мажарстан кубогының иегері (2021/22)

Ал бұған дейінгі бапкер Магомед АДИЕВПЕН келісімшарт екі жақтың келісімімен тоқтатылған.

Ресейлік футболшы Александр КЕРЖАКОВ та алматылық “Қайраттың” бас бапкері болып тағайындалған. Александр Кержаков Ресейдегі Санкт-Петербург қаласының “Зенит”, Испанияның “Севилья”, Швейцарияның “Цюрих” және Мәскеудің “Динамо” командаларында ойнаған. Ол УЕФА Кубогының, Испания Кубогы мен Суперкубогының, Швейцария Кубогының иегері. Үш дүркін Ресей чемпионы.

Фото: "Ференцварош" ФК.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Константин Сыроежкин: Китай не намерен жертвовать своими национальными интересами
Руководство КНР прекрасно осознает, что некоторые силы «загоняют страну в угол»
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Лимоны под снегом: пенсионеры из ВКО в морозы выращивают экзотические фрукты и цветы
Недалеко от Усть-Каменогорска супруги Земляные создали настоящий оазис
Дело о крушении Fokker-100 Bek Air: хозяин дома признал свою вину
Однако он подлежит освобождению от уголовной ответственности согласно сроку давности
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Спасут ли экономику иностранные инвестиции или создадут «два Казахстана»?
Иностранцы получают «зеленый коридор» на 25 лет, а отечественные компании вынуждены выживать
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Средняя дивидендная доходность по рынку в Казахстане удвоилась в 2025 году
Почему активизировались инвесторы?
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента