Олаф Шольц Maqsut Narikbayev University студенттерімен кездесті

1963 просмотров
0
Ратель
Вторник, 17 Сен 2024, 13:00

Жастар алдында ашылатын жаһандық сын-қатерлер мен мүмкіндіктер талқыланды

2024 жылдың 16 қыркүйегінде Германияның Федералды канцлері Олаф ШОЛЬЦ Maqsut Narikbayev University студенттерімен ашық кездесу өткізді. Бұл Олаф Шольцтің Қазақстандағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған ресми іс-сапары аясындағы кездесулерінің бірі болды.

MNU Басқарма төрағасы Талғат НӘРІКБАЕВ Федералды канцлер Шольцке бүгінгі кездесу үшін және екіжақты қарым-қатынасты дамытудығы ерекше назарына алғысын білдірді.

“Бүгін сізді университет қабырғасында қарсы алу - біз үшін үлкен мәртебе. Біз өз кезегімізде жаһандық үдеріске бағдар алған білім беру жүйесін дамытып жатқанымызды мақтан тұтамыз.  Жақында академиялық байланыстарды нығайта отырып, Франкфурттағы Еуропалық Виадрина Университетімен келісімге қол қойдық. Неміс университеттері және елшілікпен әріптестік – Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесіміз. Осы орайда сізге уақыт бөліп келгеніңізге алғысымызды білдіреміз.  Бұл диалогтың біздің студенттер үшін аса маңызды болатынына сенімдімін”, - деді Басқарма төрағасы.

Кездесу барысында Олаф Шольц университет студенттерімен ашық сұрақ-жауап сессиясын өткізді. Іс-шара аясында халықаралық саясаттың өзекті тақырыптары, Қазақстан-Германия ынтымақтастығының келешегі, қарқынды технологиялық және әлеуметтік өзгерістер дәуірінде жастар алдында ашылатын жаһандық сын-қатерлер мен мүмкіндіктер талқыланды. 

Канцлер MNU студентінің Қазақстан мен Германияның одан әрі ынтымақтастығы туралы сұрағына жауап бере отырып, елдер арасындағы ақпарат пен тәжірибе алмасудың ерекше екендігін атап өтті.

“Бұл екіжақты дамуға ықпал етіп қана қоймай, өзара пайдалы болуға мүмкіндік береді. Себебі ынтымақтастық және мүмкіндіктермен алмасу - әлемдік өзара байланыстың негізгі аспектілеріне айналуда. Германия өз кезегінде қазіргі заманда халықаралық қатынастарда шешуші рөл атқаратын тетіктің бірі, яғни ақпарат алмасуға және серіктестік қатынастарын нығайтуға әрдайым ашық”, - деді ол.

Сонымен қатар Шольц құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын атап өтті. Ол білім беру мекемелері мен БАҚ адамдарға өз құқықтары мен заңнамаларын жақсы түсінуге көмектесуі керектігін айтты. Оның пікірінше, құқықтық сауатсыздықпен күресу – адамдарға өз құқықтары мен мүмкіндіктерін толық пайдалануға көмектеседі.

Олаф Шольцтың сапары Maqsut Narikbayev University мен Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі үшін маңызды оқиға болды. Бұған дейін университет Франция Президенті Эмманюэль Макрон және НАТО-ның қазіргі Бас хатшысы Марк Рютте сияқты әлемдік көшбасшыларды қабылдады, бұл өз кезегінде MNU-дің халықаралық академиялық алмасу орталығы ретіндегі мәртебесін растайды. Мұндай әлемдік деңгейдегі көшбасшылармен кездесулер студенттерге баға жетпес тәжірибе ұсынады. Сондай-ақ олардың көкжиегін кеңейтіп, жаһандық үдерістерді тереңірек түсінуге көмектеседі. 

Фото: MNU.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Сокращение должности — не сокращение прав
Адвокат Асқат Сулубек о том, могут ли военнослужащего при сокращении должности заставить перейти на другую службу и отказаться от предусмотренных законом гарантий
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Казахстан предложил разместить у себя штаб-квартиру Банка развития ШОС
На встрече в Душанбе также обсуждались расчёты в нацвалютах, транспортные коридоры и ИИ
Медведи рядом с Алматы: где их можно встретить и насколько это опасно
Фотоловушки фиксируют хищников на лесных тропах, а специалисты изучают маршруты передвижения краснокнижных животных
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай