Парижден қайтқандар бюджеттен 1 млрд 48 млн теңге сыйақы алады

1128 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 12 Авг 2024, 14:00

Басқа сыйлықтарын санамағанда

Олимпиада-2024 қорытындысы бойынша қазақстандық спортшыларға 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленеді. Бұл төлемдер республикалық бюджеттен бөлінеді және ҚР Үкіметінің қаулысымен реттеледі, деп нақтылайды sportilinet телеграм-каналы.

Сыйақы сомалары доллармен көрсетілген – неге олай екені ешкімге белгісіз.

Қазақстан жүлделі орындарға ғана емес, 4-6 орын алғандарға да сыйақы береді:

  • Алтын медаль – $250 000
  • Күміс медаль – $150 000
  • Қола медаль – $75 000
  • 4-орын – $30 000
  • 5-орын – $10 000
  • 6-орын – $5000

Командалық жарысқа қатысса да әрбір спортшы толық соманы алады: мысалы, ату спортынан командалық қола медаль үшін Қазақстан екі төлем жасайды – Александра ЛЕ мен Ислам СӘТПАЕВТЫҢ әрқайсысы $75 000 алады.

Читайте также
Қазақ спортын өлтіріп тастадық

Алтын алған СМЕТОВКЕ $250 000, күміс жүлдегерлер Нариман ҚҰРБАНОВ, Демеу ЖАДРАЕВ, Нұрбек ОРАЛБАЙЛАРҒА жалпы $450 000 төленеді.

Қола медалистер Александра Ле, Ислам Сәтпаев, Ғұсман ҚЫРҒЫЗБАЕВ, Назым ҚЫЗАЙБАЙҒА жалпы $300 000 төленеді.

Бесінші орын алғандар – Мұхаммедсабыр БАЗАРБАЙҰЛЫ, Айбек ОРАЛБАЙ, Сәкен БИБОСЫНОВ, Әбиба ӘБУЖАҚЫНОВА, Милад КАРИМИ, Әмір МАЙМҰРАТОВҚА жалпы $60 000 төленеді.

Алтыншы орын үшін Александра Ле, Руслан Құрбанов (жеке және құрамада), Эльмир ӘЛІМЖАНОВ, Вадим ШАРЛАИМОВ және Ерлік СЕРТАЙҒА жалпы $36 000 төленеді.

Осылайша, спортшыларға 1 млн 96 мың доллар кетеді – бұл 524 млн 23 мың теңге.

Бірақ Қазақстан сыйақыны спортшыларға ғана емес, бапкерлерге де беруі керек – сомалар бірдей, бірақ бір ставка үш бапкерге бөлінеді. Мысалы, Елдос Сметовтың алтыны үшін үш бапкер (алғашқы, жеке, ұлттық құрама бас бапкері) жалпы $250 000 алады. Бапкерлерге де тура сол 1 миллион 96 мың төленуі тиіс.

Түптеп келгенде Олимпиададан кейін Қазақстан спортшылар мен бапкерлерге 2 млн 192 мың доллар төлейді – бұл 1 млрд 48 млн 47 мың теңге.

Фото: ҚР ҰОК баспасөз қызметі.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.