Павлодар облысында сәбіз бен картоп далада шашылып жатыр

1267 просмотров
0
Ратель
Четверг, 14 Ноя 2024, 14:00

Павлодардан Ақтоғайға баратын автожолдың 63-ші шақырымында деп көрсетілген

Әлеуметтік желілерде қар үстінде тонналап шашылып жатқан сәбіз бен картоптың бейнежазбасы тарады. Бейнежазбаны түсіруші әйел адам оның Павлодар облысындағы Ақтоғай ауданына апаратын жол бойында жатқанын жеткізген, дейді ҚазАқпарат.

Читайте также
Ұлттық қордан тағы 2 трлн теңге алынбақ

Видеоны түсіруші адам иен далада тау-тау болып шашылып жатқан сәбіз бен картопты кез келген адам қалағанынша алып кете алады деп баяндайды. Әрі ол жер Павлодардан Ақтоғайға баратын автожолдың 63-ші шақырымында деп көрсетілген.

Әлеуметтік желіде бұл видеоның астына жұртшылық жүздеген пікір жазып қалдырған. Тұрғындардың ойынша, "фермер мол өнімді далаға лақтырмай көпбалалы отбасылар мен жалғызілікті адамдарға, жетімдер мен қарттар үйіне таратып беруі керек еді. Тіпті болмағанда, жақын маңдағы ауылдарға апарып берсе, жергілікті адамдар малдарына турап берер еді", - деп есептейді көпшілік.

Белгілі болғандай, ауыл шаруашылық өнімдері жергілікті фермерлік шаруашылықтан шыққан.

"Бұл видеода Ақтоғай ауданының Исантерек ауылында орналасқан "Молочное село" фермерлік қожалығының өндірістік қалдықтары: танаптардағы қарашірік, өсімдіктердің сабақтары және сатуға, сақтауға жарамсыз өнім көрсетілген. "Молочное село" фермерлік қожалығы өндіріс қалдықтарын және кондициялық емес өнімдерді тұрғындардың шаруашылық мұқтаждықтары үшін іріктеуіне рұқсат етілген арнайы бөлінген аумаққа шығаруды жүзеге асырады. Одан әрі ол қалдықтар егістіктерге апарып төгіледі", - деді Ақтоғай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінен.

Фото: видеодан алынған скрин.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд