Павлодарда "Путин құйло" деген сөзі үшін блогер 15 тәулікке қамалды

1794 просмотров
0
Ратель
Четверг, 28 Мар 2024, 13:00

Айыппен келіспеген блогер қазақша тіркестің былапыт сөз емес екенін айтады

Павлодар соты тікелей эфир кезінде "Путин құйло" деген тіркесті пайдаланған блогер Диас ҚҰЗАЙЫРДЫ 15 тәулікке қамады. Сот қаулысында аталған тіркес "балағат сөз" ретінде бағаланған. Ал айыппен келіспеген блогер қазақша тіркестің былапыт сөз емес екенін айтады.

Sud.kz сайтындағы мәліметке сүйенсек, Павлодар тұрғыны, белсенді Диас Құзайыровқа "Ұсақ бұзақылық" (434-бап, 2-бөлік) бабы бойынша айып тағылған. Онда блогер 25 наурызда сағат 14 шамасында Павлодарда "тікелей эфирге шығып, былапыт сөз айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны" жазылған.

Читайте также
Ауызашар беру концертке айналып бара жатыр - Нұрлан имам

Ал белсенді айыппен келіспеген, деп жазады Азаттық.

"Менен "неге солай айттың" деп сұрады. Мен "қазақ тілінде құю, құйло" деген сөз заңды бұзатын сөз емес, әдеби тіркес" деп айттым", дейді сот арасында видео түсірген блогер.

Сот оны жоғарыда аталған бап бойынша кінәлі деп таныған.

Жергілікті БАҚ Диас Құзайырды тіл сақшысы жобасын ұйымдастырушысы ретінде атайды. Жоба мүшелері сатушылар мен шенеуніктерді камераға түсіріп, мемлекеттік тілде сөйлеуді талап етеді. 2023 жылы қазанда Құзайырға "ұлттық алауыздықты қоздыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оған блогердің шенеуніктерден қазақ тілінде сөйлеуді талап етуі себеп болған.

2022 жылы қазанда Құзайыр Қазақстанға келген ресейліктерге "Қырым кімдікі?" деп сұрақ қойғаны үшін бес тәулікке қамалған.

Фото: ашық дереккөзден.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От школьного ИИ до цифровой медицины: курс Алматы на 2026 год