Референдум туралы сауалнама жүргізгендер жазаланып жатыр

1588 просмотров
0
Ратель
Четверг, 12 Сен 2024, 14:00

Қоғамның пікірін жариялау беруге жол берілмейдi

ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос ӨМІРАЛИЕВТІҢ “Прокуратура туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 40-бабына сәйкес Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі референдумға қатысты үндеу жарияланды, дейді ҚазАқпарат.

Читайте также
Оқушылар уланған мектеп асханасының тендерін 9 жыл бойы бір кәсіпкер ұтып келген

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасында атап өтілгендей, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес (2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлық) 2024 жылғы 6 қазанда “Сіз Қазақстанда атом электр станциясының салуға келісесіз бе?” деген сауалға байланысты республикалық референдум өтеді. Оны әзірлеу мен өткізу тәртібі “Республикалық референдум туралы” және референдум туралы заңнамаға қайшы келмейтін бөлігінде “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңдарымен реттеледі.

Атап айтқанда, республикалық референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес оған дайындық пен өткізу кезеңінде жүргізілуге тиіс (“Республикалық референдум туралы” Конституциялық заңының 7-1-бабы).

Қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде 5 жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы. Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн дауыс берiлетін күннің алдындағы 5 күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейдi. Сондай-ақ сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады (“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 9-тармағы). Бұл талаптарды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген. Сонымен бірге дайындықтың алғашқы күндерінен бастап прокуратура органдары аталған заңнамалық актілерінің талаптары бұзылған фактілерді анықтады.

Бүгінге республикалық референдумға қатысты заңсыз қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізудің 8 фактісі анықталды. 6 жағдайда оларды жеке тұлғалар, ал 2-еуінде заңды тұлғалар Орталық референдум комиссиясын алдын ала хабардар етуінсіз жүргізген. Аталған фактілер бойынша прокуратура органдары 4 азамат пен 2 заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 120-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартты, оларға айыппұл салынды. Қалғандары бойынша оларды көзделген жауаптылыққа тарту жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Референдумға қойылған мәселе бойынша азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер үгіткезінде жиналыстарда, митингілерде, азаматтардың жиындарында, бұқаралық ақпарат құралдарында өз пікірлерін білдіруге құқылы екенін назар аудартамыз (“Республикалық референдум туралы” Конституциялық заңның 7-бабы). Жиналыстар мен митингілер “Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы” Заң шеңберінде ұйымдастырылып, өткізілуі тиіс. Бейбіт жиналыстар өткізу талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Читайте также
"Давай бәріміз өлейік" деген референдум өтсе...

Үгіт кезеңі 3 қыркүйекте басталды және 2024 жылғы 4 қазанға дейін жалғасады (сағат 24:00-ге дейін). Референдумның қарсаңындағы және референдум күндері, яғни 2024 жылғы 5 және 6 қазанында үгіт жүргізуге тыйым салынады. Конституциялық заңға сәйкес (“Республикалық референдум туралы” Конституциялық заңның 7-бабының 2, 3, 4-тармақтары) барлық баспа үгiт материалдарында оларды шығарған ұйымдар, оларды басып шығарған орын мен таралым, оларды шығаруға жауапты адамдар туралы мәлiметтер болуға тиiс.

Бұқпантай үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады. Үгiт материалдарын ескерткiштерге, ескерткіш тұғырларға, тарихи, мәдени немесе сәулеттiк құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға iліп қоюға рұқсат етілмейді.

Оларды сақтамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісінше 102, 113 және124-баптары бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Сондай-ақ Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, соғысқа, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылыққа, сондай-ақ қатыгездiк пен зомбылыққа табынуға үгiттеуге тыйым салынған. Аталған теріс әрекеттері үшін кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру)және 179-бабы (билiктi күшпен басып алуды немесе билiктi күшпен ұстап тұруды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау немесе оған жария түрде шақыру) бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Конституцияға сәйкес (83-бап) прокуратура органдары референдум өткізудің барлық кезеңдерінде заңдылықтың сақталуын қадағалауды қамтамасыз етеді. Жоғарыда баяндалғанды ескеріп, Бас прокуратура азаматтарды, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын республикалық референдумға дайындық және оны өткізу кезінде қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырады.

Фото: en.wikipedia.org.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента