Ресей қоғамы қылмысқа тұншықты. Бұл әлі басы ғана

2118 просмотров
0
Ратель
Вторник, 25 Июн 2024, 13:00

Ел билігі мен ақпарат көздері бұл туралы жазбауға тырысуда

Соғыстан кейін Ресей экономикасы қылмыстың өршуіне байланысты өсуін азайтуы ықтимал, деп жазады Mezgil.kz.

Bloomberg Economics-ке сұхбат берген экономист Александр ИСАКОВ былай дейді: "Әдетте қылмыс көрсеткіші соғыс басталған сәтте азайып, соғыс аяқталған соң көбейеді. Ресей де бұл тенденциядан қашып құтыла алмайды. Егер соғыс тағы бірнеше жылға созылып, оған кемі 3 млн ресейлік қатысатын болса, онда соғыстан кейінгі қылмыс экономикаға кемі ЖІӨ-нің 0,2-0,6 пайызына тең шығын әкелуі ықтимал".

Ресей билігінің соғысқа аса көп ер азаматтарды аттандыруы 2022 жылы Ресей қоғамындағы қылмыс көлемін азайтты. Алайда олардың қайтып оралуы қылмысты керісінше арттырмақ. Ресейдің Жоғарғы сотының ақпаратынша, 2023 жылы соғыстан келгендер жасайтын қылмыс көлемі 20 пайызға артқан.

Читайте также
Путиннің баспасөз хатшысының қызы Қазақстанда тіркелген екен

Bloomberg басылымының жазуынша, Ресей қоғамында "Вагнер" құрамында соғысып, артынша рақымшылық алып, Ресейге оралған сотталушылар қолымен жасалған қылмыс саны еселеп артқан. Дей тұра Ресей билігі мен ақпарат көздері бұл туралы аз жазуға тырысады.

Соғыстан қайтқандар ұрлық, есірткі саудасы, тонау және зорлық қылмыстарын көп жасайтындар қатарына жатады. Сарапшылар Украинаның оккупациялық аймақтарында Ресей әскерінің қолымен күн сайын жүздеген қылмыс жасалатынын, алайда оны Ресей билігі тіркемейтінін айтты.

2023 жылы Ресейде ең соңғы 12 жылдағы ең көп зорлық-зомбылық қылмыстары жасалған жыл болып тіркелді. "Верстка" басылымының жазуынша, 2023 жылы Ресейде 589 мың ауыр және аса ауыр категориясындағы қылмыс жасалған. Бұл соңғы 12 жылдағы рекорд саналады.

Сарапшылар соғыстан кейін Ресей қоғамында түрлі қылмыс артатынын болжауда. Бұл соғысқа қатысқандардың статусына (әдетте оларды көп жазаламайды) және психологиялық жағдайына байланысты болмақ. Дәл осы сценарий Украина қоғамын да күтіп тұр дейді мамандар.

Фото: әлеуметтік желіден.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай