Ресей тарихты бұрмалағысы келеді

1968 просмотров
0
Ратель
Пятница, 23 Авг 2024, 14:00

Ресей армян тарихшыларына не үшін шамданды

ТМД елдері өз тарихында 40 жыл ішінде түрлі өзгеріске ұшырап, қос империя кезінде отаршылар жазып берген мәдени-тарихи концепциялар мен мифтерден арыла бастады, деп жазады abai.kz.

Алысқа бармай, Мәскеудің іші бауырына кірген басшысы бар Беларустің шын мәнісінде Литва екендігі, ал жемайт халқының литван аталғандығын мысал үшін айта аламыз. Дәл осы Орталық Азиядағы тарихта ұйғырдың бір тармағы саналатын Мавернахрлық қарлұқтардың қыпшақ тілді өзбек атауын иеленуі Ресей отарлауының ұлттар мен олардың тарихына тиігізген кері әсері екені айқын.

Тіпті Қазақстандағы ашаршылықтың 90 жылдығы тұсында орын алған нәубетке КСРО емес, қазақ байлары кінәлі деген тезисті жәймен өткізбек болғаны да есімізде. Орыс отаршылары бүлдірген, күзеген һәм түзеген тариха қатысты гуманитарлық жаңаша көзқарастардың бәріне Ресей тарапы ғылыми-мәдени өркіректік танытып, талай рет өз дөң айбатын жасаған болатын.

Читайте также
Біреу отқа май құйып отыр

Енді келіп, тиісерге қара таппаған Ресей шын тарихы жоқ сыған сияқты қаңғыған ұлт армиянның тарихына тиісуге кірісті. Өтірік жазылған тарихқа жалған баға берудің көкесі осы арадан басталады. Иә, мемлекеттігі болмаған армяндарға топтаса қоныстануға мүмкіндік беріп, әзербайжаннан жер тартып алып берген Ресейдің ашуланатын жөні бар.

Бірақ бұл ғылыми шамдануда түркі тарихына түкіріп тұрып, империялық кеудемсоқтық бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Сонымен Ресей армян тарихшыларына не үшін шамданды соны оқырмандарымызға сөз ете кетейік.

РФ СІМ Ресейдің Армениядағы тарих жөніндегі жаңа оқулықтардағы өздерінің рөлінің бұрмаланғанын алға тартып, ел билігін бұған “көз жұма қарамауға” және мектептерде мұндай оқу құралдарын оқытпауға шақырды. Тиісті хабарлама Ресей дипломатиялық ведомствосының сайтында жарияланды.

РФ СІМ мәтіні Арменияның Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық бағынысты құрылымының ресми сайтында жарияланған “армян мектептерінің 8-сыныптарына арналған тарих оқулығының аса күмәнді мазмұнына” назар аудара отырып, оның “Шығыс Арменияның Ресейге күштеп қосылуы” атты жаңа оқулық тарауларының бірінде XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басындағы Оңтүстік Кавказдағы оқиғалар бұрмаланған түрде баяндалған дегенді біршама орынды уәжді алға тартты. Атап айтқанда, 1826-1828 жылдардағы орыс-парсы соғысының қорытындылары бас-аяғы төңкеріліп берілген деп атап өтеді ресейліктер. Бұдан бөлек Түркменшай бітімі Шығыс Арменияның “аннексиясы” деп аталатындығы да ресейлік СІМ шамдандырды.

Түркменшай бітімі арқасында жері мен мемлекеті болмаған Армения ұтып, жаулап алынған жердегі жергілікті тұрғындардан тартып алынған өңірде жаңадан ашылған Ереван уезіне иелік етіп, Ресейдің Кавказдағы қолшоқпарына айналғандығын жайында екі жақта ләм-им деп жақ ашпайды. Бұл орайда Ресейдің ашуланатын жөні бар. Енді еш түсініктемесіз Батыс Әзербайжанның жеріне қоныс берген Ресейді де, оған жаңа қожайын болған жерсіз күйсіз армянды да жайына қалдырып, Ресейлік мәлімдемеге көшейік.

Читайте также
Ішіп алып, көккөз жерлесіне "Ресейге кет" деген қаракөз сотталды

- Егер елеулі дереккөздерді, соның ішінде армян дереккөздерін оқысақ, 1828 жылғы бейбіт шартқа қатысты мүлдем басқа көзқарасқа тап боламыз. Соңғы кезге дейін республикалық оқулықтарда ол “армян мемлекеттілігін болашақта қалпына келтіру үшін орасан зор мәнге ие” деп бағаланған. Ресей империясының, ал кейіннен КСРО мен Ресейдің қазіргі Арменияның қалыптасуындағы ерекше рөліне күмән келтіру жалпыға белгілі фактілерге қарсы тұруды білдіреді. Әңгіме біздің ортақ тарихымызды қайта жазудың кезекті бет қызармайтын әрекеті туралы болып отыр, - деп атап өтті дипломатиялық ведомствода.

- Армян билігі мұндай оқулықтың мектептерде оқытылуына жол бермейді деп үміттенеміз, сондай-ақ алдағы уақытта біздің ортақ өткенімізді бұрмалау әрекеттеріне “көз жұма қарамаймыз, - делінген мәлімдемеде.

РФ СІМ аталған оқулықтарда “батыстық насихат пен саяси инжинирингтің үздік дәстүрлеріне сай өз демеушілерінің ығына жығылып құлдық ұру үшін ақты қара деп көрсетушілік кейбір армян зиялылары тарапынан орын алған” деп мәлімдеді.

“Мұндай тұжырымдарды енгізу армян басшылығы тарапынан тарихи жадтыны есте сақтау міндеттемелерге тікелей қайшы келеді. Ресей Федерациясының Президенті Владимир ПУТИН мен Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол ПАШИНЯННЫҢ 2022 жылғы 19 сәуірдегі бірлескен мәлімдемесінде былай делінген: “Тараптар ортақ өткенге ортақ көзқарасты сақтай отырып, Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындыларын қайта қарауға және тарихты бұрмалауға қарсы күресті жалғастыруға ниет білдірді”, - деп еске салды РФ СІМ.

Осылайша, Орталық Азия және Балтық бойымен шынайы тарихи тақырыпта айтысып-тартысып болған, әрі айтқанын еш орындата алмаған Ресей енді нағыз өткенін ұмытқан армяндарға шын мәнісінде дұрыс сес көрсетті.

Дереккөз: abai.kz.

Фото: Aleksey Belkin / News.ru / Global Look Press.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента