Ресейде "Крокус" концерт залында болған лаңкестік әрекетке қатысушыларға айып тағылды

926 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 25 Мар 2024, 12:00

Сот отырысы тергеу құпиялылығын сақтау мен сот процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жабық режимде өтеді

Ресейдің Тергеу комитеті 137 адам мерт болған "Крокус сити холл" концерт залында жасалған террористік актіге қатысуы мүмкін күдіктілерге айып тақты.

Читайте также
Ауызашар беру концертке айналып бара жатыр - Нұрлан имам

Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі күдіктілерді тұқындау туралы ұсыным түскен Басман сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

"Рачабализода Саидакрами Муродали мен Мирзоев Далерджон Баротовичке 3 бап, "б" бөлігі мен 205 тармақшасы бойынша (адамдармен топтасып, кісі өліміне алып келген теракт жасау) айып тағылды", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айыпталушы екі адамды да сотқа Федералды қауіпсіздік қызметінің арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлері алып келді. Сот отырысы тергеу құпиялылығын сақтау мен сот процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жабық режимде өтеді.

Кешірек тергеу комитеті "Крокус сити холл" залындағы терактіге қатысты деген айыпты тағы екі адамға тақты. Олардың екеуі де тиісті шешім қабылдау үшін Басман сотына жеткізілді.

"Сотқа Файзов Мухаммадсобир мен Фаридуни Шамсидин жеткізілді. Оларға РФ ҚК-нің 3 бабы «б» бөлігі 205 тармақшасы бойынша (адамдармен топтасып, кісі өліміне алып келген теракт жасау) айып тағылды", - деп хабарлаған ТАСС агенттігіне соттың баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 22 наурыз күні Мәскеудің солтүстік-батысындағы "Crocus City Hall" концерт залында камуфляж киген адамдар ғимарат ішінде жүрген адамдарға оқ жаудырған. 150-ден астам адам жарақат алып, 100-ден астам адам мерт болды. Олардың ішінде балалар да бар.

Фото: Артем Геодакян/ ТАСС.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От школьного ИИ до цифровой медицины: курс Алматы на 2026 год