Сарыөзекте абайсызда оқ тиген сарбазды ауруханаға апармай, пәтерде ұстаған

1912 просмотров
0
Ратель
Пятница, 06 Сен 2024, 14:00

Оқ оның білегін тесіп өткен

Жетісу облысының Сарыөзек ауылында 19 жастағы әскери қызметшіге оқ тиіп, ауруханаға түсті. Оқиға 2 қыркүйек күні болған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқ тиіп жараланған әскери қызметкер – Темірбек МЫҢЖАСАРОВ. 19 жастағы кіші сержант Сарыөзек гарнизонындағы әскери бөлімде жұмыс істеген.

Фото: Айбек Құттыбек / Kazinform.

Ол сол жерде отан алдындағы борышын өтеп, бір жыл бұрын ғана келісімшартпен әскери қызметке қабылданыпты. Қазір ол ресми еңбек демалысында.

- 2 қыркүйек күні қауіпсіздік шараларын сақтамағаннан әскери қызметші жарақат алды. Қателеспесем ол дүйсенбі ме, сейсенбі ме еңбек демалысына шыққан. Тергеу амалдары жүріп жатуына байланысты басқа ақпарат бере алмаймын, - дейді 12740 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Нұрғали АҚЫЛБЕКОВ.

Фотода Нұрғали Ақылбеков. Суретті түсірген Kazinform тілшісі Айбек Құттыбек.

Темірбек Мыңжасаровтың оң қолы жараланыпты. Оқ оның білегін тесіп өткен. Туыстарының айтуынша, кіші сержантты әріптесі байқаусызда атып алған.

Алайда, әскери бөлімдегілер ұлымның жарақат алғанына қарамастан ауруханаға апармай, пәтерде тығып ұстап отырған дейді Бақытбек ҚАСЫМБЕКОВ.

Фотода Бақытбек Қасымбеков. Суретті түсірген Kazinform тілшісі Айбек Құттыбек.

"Барған кезде баламды әскери тергеу басқармасының жігіттерінің штабынан тауып отырмын, ол жігіттер баламды 3-үй, 3-пәтерден біреудің пәтерден тауып алған. Балам тарақан қаптап жүрген, бомждардың мекеніндей жерде жатқан. Тарақаннан басқа жейтін ештеңе жоқ ол жерде, антисанитария, ешқандай тазалық жоқ. Әлсірегеннен балам басын көтере алмай тұр. Әскери тергеу басқармасындағылар тауып бермегенде баламның сүйегін де таппай қалатын жағдай болып тұр екен", - дейді әскери қызметшінің әкесі Бақытбек Қасымбеков.

Қазір Мыңжасаров Ескелді аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Әкесінің айтуынша ол ресми түрде еңбек демалысында екенінен бейхабар.

Фото: Айбек Құттыбек / Kazinform.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд