Шымкентте үш айдың ішінде 3 оқушы қыз жүкті болған

1557 просмотров
0
Ратель
Четверг, 02 Мая 2024, 13:00

Өткен жылы да үш оқушы ерте жүктілікке ұшыраған

Шымкентте жыл басынан бері жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың 11 фактісі тіркелді. Ал 3 оқушыдан ерте жүктілік анықталған.

Жалпы, үш айдың ішінде кәмелетке толмағандар арасында 19 құқық бұзушылық анықталған. Бұл туралы қалалық білім басқармасының алқа жиынында айтылды, деп хабарлады Otyrar.kz. 

Читайте также
Ринат Зайытов: Біз өсекпен өмір сүріп жатырмыз

"Шымкентте жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында 19 құқық бұзушылық жасалған. Оның ішінде мектеп оқушылары арасында 3 қылмыс тіркелген. Оның екеуі тонау, біреуі зорлау фактісі. Өткен жылы мұндай кезеңде кәмелетке толмағандар 12 қылмыс жасалған", дейді мамандар.

- 9 оқушы өзге өңірдің балалары, Шымкент қаласына келіп құқық бұзған, яғни қылмыс жасаған. 2 оқушы мектеп бітіріп кеткен, еш жерде тіркелмейтін азаматтар. 5 оқушымыз колледж студенттері болып отыр. Ал мектеп жасындағы балаларымыз үш бала. Суицид жасағандардың ішінде бесеуі колледж студенттері , алтауы мектеп оқушылары, - деді Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар ДӘРІБАЕВА.

Үш айдың ішінде мектеп оқушылары арасында 3 жасөспірімнен ерте жүктілік анықталған. Өткен жылы да үш оқушы ерте жүктілікке ұшыраған. Оқушылар арасында жыл басынан бері 11 өз-өзіне қол жұмсау фактісі тіркелген. Оның үшеуі қайғылы аяқталған болса, 8-і аман қалған.

Читайте также
Ешбір ел өз ұлдарын бұлай төмендетпейді

- Іс-шаралардың барысында үш айда түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 225 жасөспірім және түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болған 2162 жасөспірім анықталған. Қадағалаусыз жүрген 230-дан астам жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Сот шешімімен бір жасөспірім Тараз қаласындағы арнаулы мектепке жолданды, - дейді Шымкент қаласының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ғабитжан ЖАНДАРБЕКОВ.

Білім басқармасының алқа отырысына қала әкімінің орынбасары да қатысты. Білім беру ұйымдарының мамандарына бірқатар сын-ескертпе айтқан ол, оқушының тәртібі тікелей ұстаздарға байланысты екенін жеткізді.

Биыл үш айдың ішінде прокуратурамен бірлескен зерделеу жұмыстарының нәтижесінде білім беру ұйымдарында – педагог-психолог мамандардың тәжірибесінің жеткіліксіз болуы, наркодиспансерде, полиция бөлімшелерінде есепте тұратын, тұрмысы нашар немесе толық емес отбасында тәрбиеленетін, құмар ойындарға бейім, буллингке ұшыраған, жанжалға бейім балалардың тізім жасалмағаны анықталған.

Осыған байланысты білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен жауапты тұлғаларға 238 тәртіптік жаза қолданған.

Фото: gov.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Сокращение должности — не сокращение прав
Адвокат Асқат Сулубек о том, могут ли военнослужащего при сокращении должности заставить перейти на другую службу и отказаться от предусмотренных законом гарантий
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Казахстан предложил разместить у себя штаб-квартиру Банка развития ШОС
На встрече в Душанбе также обсуждались расчёты в нацвалютах, транспортные коридоры и ИИ
Медведи рядом с Алматы: где их можно встретить и насколько это опасно
Фотоловушки фиксируют хищников на лесных тропах, а специалисты изучают маршруты передвижения краснокнижных животных
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай