Шыңғыс хан қабірі қазақ жерінде болуы мүмкін - тарихшы

1977 просмотров
0
Ратель
Вторник, 28 Мая 2024, 11:00

Баласының қасында, содан алыс емес жерде жатқан шығар

ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов биыл 800 жылдығы тойланып жатқан Жошы ұлысы туралы ой-пікірімен бөлісті.

Тарихшының айтуынша, Қазақ хандығының алғашқы хандарынан бастап, барлық ел билеушілері Жошының ұрпақтары болған.

- Керей мен Жәнібектен бастап, барлық қазақ хандары - Жошының ұрпағы. Біз мемлекетіміздің тарихын бастағанда да, жалғастырғанда да Шыңғыс ханның ұрпақтарына борыштармыз. Әлиханның “мемлекеті жоқ халық, жетім халық” деген сөзі бар. Яғни, бізді жетімдіктен сақтап қалған, біздің тұлға бойымыздағы жасапаз құдірет күшін ашуға серттескен Жошы ұрпағы. Жошының қазақ жерінде жатқанының өзі - біз Жошы ұрпағына борыштар екенімізді білдіреді, - деді ол.

Хангелді Әбжанов Жошы ұлысы туралы ойымен бөлісе отырып, Шыңғыс ханның қабірі туралы болжам айтып өтті.

- Енді бір мәселе бар. 1227 жылы Жошы дүниеден өтті. Осы жылдың күзінде баласының басына Шыңғыс хан келді, бұл - ақиқат. Шыңғыс ханның мәйіті осында жату мүмкін, себебі ол да сол жылы күзде қайтыс болды. Ал енді алыс Моңғолияға қайтып барды деп айта алмаймын. Баласының қасында, содан алыс емес жерде жатқан шығар. Шыңғыс хан қазақ дегенде осындай байланысты да еске алуға болады. Мүмкін, қазақ жерінде салғаннан кейін оның зиратын жасырып қойған шығар, - деді профессор.

Читайте также
Мәскеу князьдігі Жошы ұлысының арқасында құрылған — тарихшы

Сондай-ақ ол ұлық ұлыс туралы кеңестік кезеңдегі деректер мен зерттеулерді қайта қарау керек екенін айтты.

- Жошы ұлысының құрамына кіріп, әлемнің тарихына араластық және оны ары қарай көтердік. Сол әлеует 3 ғасырға созылған отарлық саясатынан аман алып қалды. Шетелдік ғалымдар Жошы ұлысына қатысты кеңестік кезеңдегі деректерді қайта керек деп жүр. Олар дұрыс айтады. Өйткені кеңестік өктемдік тұсында, идеологиялық өктемдік тұсында Шығыста өркениет, мәдениет, ілгерілеу деген болған жоқ. Ресей ғалымдары Шыңғыс ханды бүлдіруші, қиратушы, ешқандай прогресске жол ашпаған дегендей көрсетті. Сол түсінік бәрімізде қалыптасып қалды. Сөйтсек Шыңғыс ханның, Жошының жаулап алғаны рас, бірақ апат әкелмеген екен. Қайта біздің құрамымызға кіріп, біздің салтымыз бар, рухани жетістігіміз бар - осының бәрін алып, байыды. Демек, кеңестік идеология қалыптасқан орта ғасырдың тарихын жаңадан пайымдауымыз керек. Ми қазанымызда жаңадан қорытуымыз керек. Оған басқа қырынан қарауымыз керек, - деді Хангелді Әбжанов.

Фото: Досбол Атажан / Kazinform.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Политолог
«Введение еще одной новой должности, видимо, должно стать своего рода „серебряной медалью“, поскольку ее обладатель становится своего рода заместителем президента (вице-президентом — Ред.)».
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Историческая победа АдГ в Германии и последний Z Event во Франции
Главное в мире: обзор СМИ
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
Почему выиграть суд ещё не означает добиться восстановления нарушенного права
ШОС не обязывает автоматически вступать в войну на стороне другого участника
ШОС как внешнеполитическая экология
«Дождь из стрел»: казахстанцы вошли в число лучников на Великом курултае в Венгрии
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай