СҚО ауылдарында иесіз иттер қорадағы қойды қыруда

1043 просмотров
0
Ратель
Вторник, 06 Авг 2024, 13:30

Бір үйдің 12 қойын, тағы бір үйдің 9 қойын қаңғырған ит қырып кетті

Солтүстік Қазақстан облысы Чапаев елді мекенінде қаңғырған иттер бір үйдің 12 қойын қырып кетті. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл алғашқы жағдай емес, бұған дейін де бірнеше шаңырақ мал-құсын қамаулы тұрған жерден өлі тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылжар ауданы Чапаев елді мекенінің тұрғыны Раусия ТУЛЕТАЕВАНЫҢ айтуынша, қаңғырған иттер оның шашпада тұрған қойларына шапқан.

"11 қойды қырып кеткен, тағы біреуін арам өлтірмей, кісі шақырып, сойып алдық. 5-6 қойды жаралап кеткен. Кеше осы ауылдағы Әнас деген кісінің екі қойын тамақтап, екеуін жаралады.

Әкімге де хабарладым. Учаскелік полицей келіп, хаттама толтырды. Ветеринарлар келіп, жараланған қойларды көрді. Өлген малды иістеніп, шыбын үймелеп кеткендіктен полигонға апарғызып тастадық", - дейді Раусия Тулетаева.

Читайте также
Біреу отқа май құйып отыр

Ауыл тұрғынының айтуынша, елді мекенде соңғы кезде қаңғырған иттер көбейіп кеткен.

"Келген адамдар айтып жатыр. Қаңғырған иттерден зардап шеккен жалғыз біз емес, Жансерік дегеннің құстарын, қойларын қырып кеткен. Ауыл ішінде иесіз иттер емін-еркін жүреді. Мана он шақтысын көрдім, ағашқа кірді. Атуға болмайды дейді. Малымызды қырып жатыр, қаншама шығын шектік. Жолдасымның жүрегіне ота жасаған, мүгедектігі бар, өзім де зейнеткермін, күн көріп отырған малымыз еді", - дейді Раусия Тулетаева.

Қызылжар ауданында бұралқы иттердің көбеюінен басқа ауыл тұрғындары да зардап шегіп жатыр. СҚО Ветеринария басқармасының мәліметінше, шілде айында Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылында Абдужалоп МАНСУРОВТЫҢ 9 қойын иттер қырып кеткен.

"2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда үй жануарларын міндетті есепке алу енгізілді, бірақ, өкінішке орай, үй жануарларының иелері "жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңды бұза отырып, үй жануарларын чиптеуден бас тартады, осыған байланысты иттің иесін табу мәселесі туындайды.

Сонымен қатар, уақытша ұстау пункттерінің болмауына байланысты қаңғырған иттерді аулау мүмкін емес.

Бүгінгі күні Қызылжар ауданының әкімдігі уақытша ұстау пунктін салу үшін жер учаскесін бөлді, жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін құрылысқа қаражат бөлу мәселесі қаралатын болады", - дейді СҚО ветеринария басқармасының мамандары.

Фото: Раусия Тулетаева.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента