Студенттерді сыйғызу үшін Алматыда штаб пен дағдарыс орталығы құрылды

1139 просмотров
0
Ратель
Четверг, 22 Авг 2024, 14:00

Қаладағы 35 ЖОО-да 200 мыңдай студент білім алуда

Алматы әкімі Ерболат ДОСАЕВ жаңа оқу жылына дайындық және студенттерді жатақханаға орналастыру мәселесі бойынша жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Еліміздің маңдайалды оқу орындарының дені Алматыда орналасқан, жыл сайын мыңдаған студент жоғары білім алу үшін осында келеді. Біздің міндетіміз – оларға сапалы білім беру және жайлы жатақханамен қамтамасыз ету", - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Айтуынша, алматылық студенттерді жатақханаға орналастыру бойынша арнайы штаб құрылды.

Бұдан бөлек, дағдарыс және жедел ден қою жөніндегі ахуалдық орталықтар жұмыс істейді.

Дағдарыс орталығы ALT университетінде орналасқан. Оның міндеті басқа өңірден келген студенттерге жедел қолдау көрсету және уақытша орналастыру. Дағдарыс орталығында 70 орын бар.

Ахуалдық орталығы Алмалы ауданындағы жастардың комьюнити орталығының базасында жұмыс істейді. 1 тамыздан бастап орталық тәулік бойы жұмыс істеп, студенттерге орналастыру мәселесі бойынша жедел көмек көрсетуде. Орталық күн сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1,5 мыңнан астам қоңырау қабылдайды. Сонымен қатар, қаланың әрбір жоғары оқу орнында студенттерге тікелей қолдау көрсететін Ахуалдық орталықтар ашылды.

Айта кететін нәрсе, Алматыдағы 35 жоғары оқу орнында 199 мыңнан астам студент білім алып жатыр, оның 124 мыңы – өзге өңірден келген студенттер. Қалада 109 студенттік жатақхана бар, онда 36,2 мыңнан астам студент тұрады. Жалпы қажеттілік 28,7 мың орын.

Читайте также
Қазақстан спектакль-жиындар өткізу жағынан қатты дамыды

Алайда қала әкімі қолдауымен қабылданған шаралардың нәтижесінде тамыз айының соңында төсек орын тапшылығы 8,9 мың орынға дейін қысқарды.

Оқу жылы басталғанға дейін Алматыда 1920 орындық 6 жатақхана ашылады, ал жыл соңына дейін Алматы қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен 3105 студентке арналған 4 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

2024 жылы 10 жатақхана, 2025-2026 жылдары 33 жатақхана пайдалануға берілмек.

Естеріңізге сала кетейік, жатақхана құрылысын тиімді үйлестіру үшін студенттік жатақханалар құрылысы бойынша жобалық кеңсе жұмыс істеп тұр. Жобалық кеңсенің негізгі міндеті Алматы қаласында жатақханалар құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау. Жобалық кеңсе ашылғаннан бастап 120 әлеуетті инвестор жүгінді, оның 67-сі қазір жұмысқа кіріскен, бұл қолдау механизмінің тартымдылығын көрсетеді.

Шаһар басшысы жатақхана мәселесі тікелей бақылауында екенін атап өтті.

Фото: inbusiness.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Астане департамент полиции и транспортная прокуратура проверили акцию по вопросам административного и миграционного законодательства