Су тасқыны басталғалы бері 100 мыңнан астам адам эвакуацияланды

1119 просмотров
0
Ратель
Суббота, 13 Апр 2024, 14:30

Зардап шеккен өңірлерге 1,1 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Читайте также
Не болды екен? Назарбаевтың ресми сайты істемей қалды

Қазақстанда су тасқыны басталғалы бері 100 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлады Sputnik.

Министрлік ұсынған мәліметке сәйкес, су тасқыны басталғалы бері 102 328 адам, оның ішінде 37 537 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Әуе кемелерімен 3 246 адам, оның ішінде 1 068 бала құтқарылды. 10 120 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктеріне 6 757 адам, оның ішінде 3 148 бала орналастырылды. 102 156 бас мал қауіпсіздік жерге айдалды.

"Жедел желі" телефонына 1 532 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетіп жатыр.

"Су жүрген 98 автожол, су шайған 107 автожол, оның ішінде көпір және 100 жол төсемі бақылауда қалуда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 73 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Ақмола облысының Сандықтау ауданында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында Жабай, Есіл, Сарқырама өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 957 жеке тұрғын үй, 942 аула аумағы су астында қалуда. 9,1 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,7 млн. қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 129 тұрғын үй мен 2 033 аула аумағынан су бұрылды.

Читайте также
Қазақ билігінде Бишімбаев сияқты қанша министр бар

Ақмола облысында Боқсық, Қалқұтан, Есіл өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Бұланды ауданының Журавлевка ауылында, Астрахан ауданының Жаңатұрмыс, Қалқұтан, Ескi Қалқұтан, Ягодное ауылдарында 73 жеке тұрғын үй, Жақсы ауданының Қима және Алғабас ауылдарында, Атбасар ауданының Самара ауылында 8 аула аумағы су астында қалды. 136 адам алдын ала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне және қорғаныш үйіндісінің шайылуына байланысты Қызылжар ауданының Тепличное, Надёжка ауылдарында 61 жеке тұрғын үй су астында қалды. Сонымен қатар Бәйтерек, Бескөл, Кривозёрка елді мекендерінен тұрғындар алдын ала эвакуацияланды.

Ақтөбе облысында Торғай өзенінде су деңгейінің жоғарылауына байланысты әуе кемесімен Мамыр және Нұра елді мекендерінен Ырғыз ауылына тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жүргізілді. Барлығы 233 адам, оның ішінде 131 бала көшірілді. Мамыр ауылының айналасындағы құмнан жасалған қорғаныш үйіндісінің шайылуына байланысты 10 аула аумағы су астында қалды. Нұра, Мамыр, Жайсанбай және Тәуіп елді мекендерінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда.

Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 34 272 қызметкері, 3 790 бірлік техника, 762 су сору және 200 жүзу құралы, 17 әуе кемесі жұмылдырылды.

Фото: Қостанай облысының әкімдігі.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Балхашском районе проводится работа по предоставлению безвозмездных государственных грантов