Таксистер қанды ішті: Алматы әуежайы жақтағы тұрғындар көтерілді

4266 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 30 Сен 2024, 13:00

Алматының таксистері әуежай маңын қоқысқа толтырды

Ауланы дәретханаға айналдырған.

Алматыда әуежайдың маңындағы тұрғындар такси жүргізушілеріне наразы, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Себебі, олар соңғы бір жарым жылдан бері клиенттерді тұрғын үйлердің төңірегіне күтетін болыпты. Көлік қаптағасын, күнде кептеліс. Ол аздай, ішкен-жегенін де айналаға шашып кетеді екен.

Бұл тұрақ былтырдан бері бір босаған емес. Такси жүргізушілерінің қаптап жиналатын жері. Бәрі сол әуежайдан түскен жолаушылардың тапсырысын күндіз-түні күтеді. Ішеді-жейді, қалдығын тастайды. Ең сорақысы, үлкен дәретін көпірдің астына сындырады екен.

Читайте также
Амалы қалмаған ақтөбелік өз ағзасын сатпақ болды

- Осы жерді жиналатын жер етіп алды қосымшада. Біз өткенде көрдік, жүктеп, жиналатын нүктесі осы жер екен. Қаншама адам жиналса, соншама қоқыс. Оны жинап жатқан әкімдік жоқ. Қоқыс біздің ауданның бүкіл жерінде. Баламен келе жатсаң, қуыстан біреу дәрет сындырып отырады, дейді қала тұрғыны Балжан СҰЛТАН.

Такси тұрағының азабын әуежайдың төңірегіндегі үш көшенің тұрғындары тартып отыр. Жолаушыларды күту үшін немесе темір тұлпарында түнеу үшін жүргізушілер үйлердің арасына дейін кіріп кетеді екен. Көліктің көптігінен күнде кептеліс.

“Шыдай-шыдай, шаршадық” деген жұрт шағымды шенеуніктерден бастап, тәртіп сақшыларына дейін түсірген. Бірақ еш нәтиже жоқ деп қапалы.

-  Әкімдікке де, полицияға да шағым түсірдік. “Біздің күшіміз жоқ, “Яндекс” шетел компаниясы, оларға ештеңе айта алмаймыз, бұйрық жоқ” дейді, - деді қала тұрғыны Данияр СҰЛТАН. 

Әкімдіктегілер саябақ пен соған тиесілі автотұрақ мемлекет меншігінде болғанымен, жүргізушілердің қайда жиналып, не істейтініне шатағымыз жоқ дегенге саяды. Қолынан келетіні тек дәретхана соғу. 

- Түрксіб ауданындағы “Аспан паркі” нысаны бойынша жергілікті полиция қызметі және аудандық әкімдік қызметкерлерімен бірлескен сапар жасалды. Көшпелі кеңестің қорытындысы бойынша тұрғындарға ыңғайлы болу үшін биотуалет орнату туралы шешім қабылданды.Бүгінде экология және қоршаған орта басқармасының ұйымы мемлекеттік сатып алу бойынша рәсім жүргізіп жатыр, - дейді Алматы экология және қоршаған орта басқармасы.

Ал полицейлер осы айдың басынан бері 60-қа жуық жүргізушіні әкімшілік жазаға тартқан. Тыныштықты бұзып, қоғамдық орынды ластағаны үшін бәрі айыппұл арқалапты. Бірақ соның өзінде де тыйылар түрі жоқ.

Фото: КТК телеарнасы.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан
«Стороны могли бы рассмотреть вариант заморозки боевых действий и возвращения к переговорам на основе “Стамбульской формулы 2.0”».
Ночной звонок из Мар-а-Лаго: зачем Вашингтон пришел в Великую степь с калькулятором
Что на самом деле привело американцев в Центральную Азию
Что глава ЦРУ делал в Москве
Вашингтон молчит, Кремль «ничего не знает», тайна московских переговоров обрастает версиями
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Как сыграть на банджо казахскую мелодию, а на қобызе – американскую
Когда музыканты мирового уровня собираются вместе для совместного творчества, между ними возникает нечто электризующее
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай