Тірісінде өзіне ескерткіш қойып, бейіт салғанды көрдік

2013 просмотров
0
Ратель
Среда, 15 Мая 2024, 14:00

Ақтөбенің қазағы екен өзі

Ақтөбелік кәсіпкер Қуандық ӘЛІШЕВ екі жыл бұрын қала іргесіндегі қорымнан орын алып, ескерткіш мүсінін тұрғызып қойды.

Ол мұны қатты ауырған соң ойластырғанын айтады, деп хабарлайды kaz.inform.kz.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform.
Читайте также
Ауызашар беру концертке айналып бара жатыр - Нұрлан имам

Ақтөбе қаласы Кірпішті тұрғын алабы маңында үлкен қорым бар. Мұнда қазақтармен қатар өзге этнос өкілдері де жерленген. Кіреберістің сол жақ бөлігінде орналасқан ескерткіш мүсін 2022 жылы салынған. Әкімшілік зираттың кәсіпкер Қуандық Әлішевке тиесілі екенін біледі.

- 2022 жылдан бастап салды. Үлкен кісі екен. Алдын ала көргісі келген шығар қандай болатынын. Бар болғаны 2-3 айда салып болды. Тек өзіне ғана арналған. Гранит тасты қолданып тұр. Мұнда бұған дейін дәл осылай дайындап қойған адам болды. Бірақ ол кісі қайтыс болып, жерленді. Негізі мұндайды үлкен кісілер жасайды. Оларға тыйым сала да алмайсың. Орын сатылмайды, - деді Кішпішті тұрғын алабындағы орыс зиратының әкімшісі Сәбит ДҮЙСЕНОВ.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform.

Оның айтуынша, негізі адамдар қайтыс болғаны туралы анықтама әкеледі. Содан кейін ғана орын беріледі. Жер тегін берілгенімен, мұндағы қабір қазу қызметі 90 мың теңге тұрады.

Тірі кезінде зираттан орын алып, бейітін салған кәсіпкер оң жағына тасқа қашатып "Бақытты өмірдің белгісі: Абырой, бала-ұрпақтарың", ал сол жағына "Тынымсыз іздену, мазасыз тірлік - мұратың" деп жаздырған.

- Мен 86 жастамын. Осыдан екі жыл бұрын қаңтарда құлап, белім сынып қалып, жаттым. Сол кезде өз балаларымдай болған бастықтар келіп, денсаулығымды сұрады. "Ағаларыңның өліп қалатын түрі бар, жүре алмайды. Алматыда балаларым, інілерім, жақын достарым көп. Жер берсеңдер, солар барлығын жасап береді" деп айттым. Ал зираттың орнын қырдың үстінен өзім таңдап алдым. Жер берген кісілерді кінәлайтын ештеңе жоқ. Сұраған мен кінәлі. Мен салдым, - деді кәсіпкер Қуандық Әлішев.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform.

Ол бейітке қоятын ескерткіш мүсіннің үлгісін өзі таңдап, өзі бекіткен.

Қуандық Әлішев – Ақтөбе облысы Темір ауданының тумасы. Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтында білім алып, ғылыми еңбектер жазған. Қаракөл қойы қозысының ерекше түсті елтірісін алу жолын ұсынған. Түрлі жылдары спирт зауыты, шошқа фермасы, құс цехы болды. Қазіргі кезде көпқабатты үй салып жатыр.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Работы по очистке около 110 км русел рек проводятся в рамках подготовки к весенним паводкам