Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына құран бағыштады

1580 просмотров
0
Ратель
Вторник, 31 Мая 2022, 12:45

Мешітке президентпен бірге бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына құран бағыштады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Читайте также
Өңірлерге 152 вагон қант жеткізіледі – министрлік

Мешітке Тоқаевпен бірге бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да барды. Екеуі жалпы залда отырды. Осыдан кейін мемлекет басшысы "1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым" монументіне гүлшоғын қою рәсіміне қатысты.

Президент ескерткішке гүлшоғын қойып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың рухына тағзым етті. Шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары да қатысты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліміне сәйкес, 1921-1954 жылдары "халық жауларын анықтау" саясаты салдарынан Қазақстанда 100 мың адам сотталды, олардың 25 мыңы ең жоғары жазалау шарасы – ату жазасына кесілді. Миллиондаған қазақстандық 1932-33 жылдары ашаршылықтың құрбаны болды.

Республика аумағында ГУЛАГ құрылымының ең ірі лагерлері – АЛЖИР, Степлаг пен Карлаг болды. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан лагерлеріне 5 миллионнан астам адам жер аударылды. Кейбір мәліметтер бойынша, тұтқындардың жалпы саны бұл саннан едәуір көп. 1930-1940 жылдары миллиондаған кеңес азаматы Қазақстанға депортацияланды.

1937 жылдың күзінде республикаға жүздеген мың кәрістер, түріктер, ирандықтар, күрдтер мен әзербайжандар қоныс аударды. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында елге неміс, грек, шешен, ингуш, қарашай, балқар, қырым татарлары және басқа да халықтар жер аударылды. Олардың жалпы саны - 1 миллион 200 мыңның шамасында.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд