Түркістан облысында 19 жастағы жігіт сүйіктісін көлікте ұрып өлтірді

2230 просмотров
0
Ратель
Среда, 03 Июл 2024, 14:00

Тараған ақпаратқа сәйкес, қыз бен жігіт бір жылға жуық кездесіп жүрген

Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында ер адам сүйіктісін өлтірді деген ақпарат тарады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлап жатыр. 

Читайте также
Енді "креативно жейік" дедіңдер ме

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қыз бен жігіт бір жылға жуық кездесіп жүрген. Тіпті той күнін белгілеп қойған екен. Жігіт қызды күнделікті жұмысынан алып қайтып, үйіне жеткізіп жүрген. Ол 30 маусым күні кешкі сағат 18:30-да қызды жұмысынан алып, бірден өз үйіндегі көлікжайға кірген. Одан кейін не болғаны белгісіз. Сарапшылардың талдауына сәйкес, қыз 20:30-да қайтыс болған.

Toyota Land Cruiser Prado көлігінің салонында 19 жастағы З. сүйіктісі Э.-ні ұрып-соққан. Қыз соққылардан көз жұмған. Алайда қылмыстың нақты себебі хабарланған жоқ. 

Аталған жағдайға қатысты, Түркістан облысы полиция департаментіне хабарласып, оқиғаның мән жайын білдік.

“Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.

Фото: видеодан скрин.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Нападение и грабеж в продуктовом магазине раскрыто в Алматы