"Тым белсенді" жұмысшыларды "аңдуға" Самұрық-Қазына миллиондар жұмсаған

2572 просмотров
0
Анастасия БАГРОВА
Понедельник, 18 Ноя 2024, 14:00

Жұмысшылардың көңіл-күйін бақылаумен жекеменшік мекеме жалдаған бұрынғы полицейлер айналысқан

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ құрамындағы "Қазатомөнеркәсіп" және "ҚазМұнайГаз" сынды алпауыттардың арасында 2017 жылы құрылған бір шағын ғана мекеме қыстырылып жүр: "Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы" Жекеменшік мекемесі (ЖМ) деген. Бұл мекеменің иесі – "Самұрық-Қазына". Миллиардтаған айналымы бар шағын мекеме қордың компанияларына қызмет көрсетеді.

Читайте также
Ақмола облысында газ баллоны жарылып, үш адам мерт болды

2021 жылдан бастап ЖМ-нің келісімшарттары тұрақты түрде көбейіп келеді. Соңғы төрт жылда тендерлердің жалпы сомасы 2,4 миллиард теңгеге жетті. Мысалы, "ҚазМұнайГаз" одан 176,3 миллион теңгеге "корпоративтік мәдениетті дамыту мақсатында командалық рух қалыптастыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу" қызметін сатып алды. ЖМ тендерлердің негізгі бөлігін бәсекесіз, яғни бір көзден алу арқылы жеңіп алған. adata.kz сайтының деректері бойынша, ЖМ-дегі орташа жалақы 1,267 миллион теңге.

ЖМ-нің алғашқы басшысы Ербол ИСМАИЛОВ болған, ол қазір "Qarmet" АҚ-да директор болып отыр. 2019 жылы "Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығынан" кеткеннен кейін Исмаилов "Eurasian Center For People Management" деген жеке мекеме құрды. Оның компаниясы да сол мекеме сияқты ірі компаниялардың қызметкерлеріне түрлі тренингтер өткізеді. Мәселен, "ӨзенМұнайГаз" Исмаиловқа 208,5 млн теңгеге қызметкерлерді оқытуға тапсырыс берген.

Исмаиловтан кейін "Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығында" тағы бір басшы аз уақыт жұмыс істеп, одан кейін басшылыққа Елдос ӨМІРЗАҚОВ тағайындалды. Ол бұған дейін де "Самұрық-Қазына" жүйесінде жұмыс істеген.

Ойда-жоқта туындаған еңбек дауы болмағанда, әлгі ЖМ мен оның жұмысы жұрт назарынан тыс күйі елеусіз қала берер еді. Ол дауда екі жұмысшы тәртіптік жазаны жоюды, лауазымдық нұсқаулықтарды өзгерту мен моральдық зиянды өтеуді талап еткен. Олар сотта жеңілгенімен, істі қарау кезінде ашылып қалған кейбір мәліметтер қызығушылық тудырды.

"Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы" (бұдан әрі – ӘӨҚКО) жеке мекемесінің жалғыз құрылтайшысы – "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ. Мекеме қызметінің мақсаты – әлеуметтік-еңбек қатынастарын басқару тиімділігін арттыру және әлеуметтік өзара іс-қимыл мен коммуникацияның озық тәжірибелерін әзірлеу және енгізу. 2022 жылдың 9 шілдесіндегі №53 бұйрыққа сәйкес ӘӨҚКО-ның жаңа құрылымы бекітілді. Маңғыстау облысындағы әлеуметтік тұрақтылыққа мониторинг жасау мақсатында Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында штаттық аймақтық менеджерлер лауазымы құрылған", - делінген сот шешімінде.

Читайте также
Футбол клубтарының былықтары жарияланды

ЖМ қызметкерлерінің іс-әрекеттері батыс өңіріндегі тұрғындарының наразылығын тудыруы мүмкін болғандықтан, олардың аты-жөнін ашып атамаймыз. 2022 жылдың қаңтар айында елдің батысында болған оқиғаларды ескере отырып, әлгі агенттердің аты-жөндерін толық жарияламауды шештік. Ал ЖМ басшылары болса, ол қызметкерлердің аты-жөнін ашық жариялап жіберген.

Сонымен, ірі еңбек ұжымдарымен байланыс орнатып, әрбір жұмысшы бойынша жеке мәліметтер жинау жұмысына бұрын полицияда көп жыл қызмет еткен екі адам тартылған екен.

"2022 жылдың сәуір айында бөлім басшысы болып ЖАРКЕ Б. келгеннен кейін оларға қысым жасала бастаған. Жаңа басшының бұлардың жұмысына көңілі толмай, жақтырмаған. 2022 жылдың 10 маусымында Жарке Б. олардың лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерістер енгізді, оған сәйкес аймақтық менеджерлер "Самұрық-Қазына" қорының батыс аймағындағы кәсіпорындарында жағдайдың тұрақсыздану қауіпі туралы ақпарат пен фактілерді тәулік бойы беріп отыруы тиіс еді. Бірақ еңбек келісімшартына сәйкес олардың жұмыс тәртібі – 8 сағаттық жұмыс күні және бес күндік жұмыс аптасы болатын. Сол себепті Жарке Б.-ның олардың жұмысына қатысты барлық шағымдары негізсіз деп танылды. Тәртіптік жазаға заңсыз тартылуы салдарынан олар сыйақы төлемдерінен толық қағылған", - делінген сот шешімінде.

Ал сыйақы төлемдерінің көлемі миллион теңгеден асады. Істің мәніне келсек, бір жұмысшылар жалақысына көңілі толмай наразылық танытқан, ал аймақтық менеджерлер    Д.К. мен Н.К. бұл туралы ЖМ-ге хабарламаған көрінеді.

"Іс материалдарынан анықталғандай, аймақтық менеджерлердің міндеті – "Самұрық-Қазына" қорының еншілес ұйымдарындағы жұмысшылар ұжымдарында әлеуметтік-еңбек шиеленістерін анықтау және басқа да тұрақсыздық жағдайларын бақылау болып табылады", - делінген құжатта. Д.К. мен Н.К. қызметтік нұсқаулыққа қолдарын қойған.

Читайте также
Перизат Қайратқа қатысты тағы бір жемқорлық факт анықталды

"Әлеуметтік тұрақтылық мониторингі орталығы басшысы Жарке Б.-ның 2022 жылғы 25 шілдедегі №235 қызметтік хатына сәйкес, арызданушылар Бейнеу теміржол стансасындағы ҚТЖ жұмысшыларының жалақыны 100%-ға көтеру туралы ел басшылығына талап қоюға дайындалғаны туралы ақпарат бермеген. "TestComCaspian" ЖШС жұмысшыларының 9 маусымда "ӨзенМұнайГаз" АҚ ғимаратында суицид жасамақ болғаны туралы, "КезБи" ЖШС-і кәсіпорнында 15 маусымға қараған түні өрт болып, бір жұмысшы қаза тапқаны туралы ақпарат бермеген", - делінеді сот шешімінде.

"TestComCaspian" ЖШС жұмысшыларының "ӨзенМұнайГаз" АҚ ғимаратында суицид жасамақ болғаны туралы ақпаратты біз таба алмадық.

Сосын басшылық жазалау туралы бұйрықты жойды. Бірақ ақпаратты дер кезінде ұсынбағаны үшін Д.К. мен Н.К. 2023 жылдың қаңтарында сөгіс алды.

"2023 жылдың 5 қаңтарында Жарке Б. қызметтік хат жазған. Онда жазылғандай, "ӨзенМұнайГаз" АҚ жұмысшыларының арасында жалақы төлеудің бірыңғай жүйесіне қарсы шығуға шақыратын үнпарақ тараған. Бұл туралы ақпарат аймақтық менеджерлерден емес, басқа дереккөздерден келіп жеткен", - делінеді сот шешімінде.

ЖМ құқық қорғау органдарына жатпайды, сондықтан оның қызметкерлері еңбек ұжымдарындағы жағдайға қатысты мәліметтерді қауіпсіз сақтай ала ма, белгісіз. Орталыққа берілген жалғыз лицензия – бұқаралық ақпарат құралы қызметімен айналысу. Қызметкерлердің еңбек ұжымдарын бақылау мен мониторингпен айналысуына қандай да бір рұқсаттың бар-жоғы – бізге белгісіз.

Еңбек жағдайына наразылық білдіретін әлеуметтік белсенді азаматтарды аңдудың қаншалықты заңды тірлік екенін заңгерлер білуі тиіс.

Фото: sk.kz.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Министр внутренних дел РК
Назрела необходимость ограничения времени реализации спиртного в развлекательных заведениях. В указанных объектах в опьянении совершено более 1 400 преступлений, в том числе три убийства.
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Почему госпрограммы в Казахстане не доживают до конца
К 2025 году национальные проекты снова уходят в «концепции»
Как Алматы лишил Алма-Ату еще одного памятника
Репортажи из прошлого
Судмедэксперты по делу Bek Air: при «тысячекратных перегрузках» человек может выжить
В Алматы продолжаются слушания по делу о катастрофе самолета Fokker-100
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Метания правительства: реформа или откат к ручному управлению?
Экстренные меры по стабилизации экономики перечеркивают логику заявленных преобразований
Куантай Абдимади: Мужчина имеет право быть слабым
Актер о страхах, ролях и жизни между аулом и большим экраном
Трансформация ШОС – альтернатива «старым правилам»?
Константин Сыроежкин: Необходимо научиться ощущать себя суверенным государством
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента