Қуаңшылық: Биыл Жамбыл облысында шабындықтағы шөп өнімділігі 25% төмендеген

2211 просмотров
0
Ратель
Суббота, 17 Июл 2021, 12:15

Оған қоса ауа райының ыстықтығы да аймақтағы шөп бағасының көтерілуіне алып келіп отыр

Жамбыл облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен барлық ауданда шөп жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда бір бау шөп 500 бен 1200 теңгенің арасында сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
Демалыс күндері Нұр-Сұлтан мен Алматыда қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Биыл көктемгі жауын-шашынның аз болуы мен ауа райының қолайсыздығына байланысты, әсіресе шөлді аймақтарда отырған облыстың бірқатар аудандарында орналасқан егістік алқаптары мен шабындықтарда шөптің өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда 20-25 пайызға төмендеп кеткен.

Оған қоса ауа райының ыстықтығы да аймақтағы шөп бағасының көтерілуіне алып келіп отыр.

Осыған орай мал азығын уақтылы, көрсетілген мөлшерде дайындап алу үшін ішкі ресурстарды толық пайдалану көзделген.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "Бірлесіп жасалған істен береке тарқамайды" атты облыс халқына айтқан үндеуінде қажетті шөпті жинап алу үшін ішкі барлық ресурстарды пайдалануды тапсырған болатын.

Яғни, бірінші кезекте мал азығына деген ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге қамданып, шабындықтардан, басқа сай-саладағы, өзен аңғарларындағы жерлерден шөп дайындауға шақырған болатын.

"Бүгінгі таңда тау аңғарларынан, сай-сала, өзен арналарынан қосымша пішен дайындау жұмыстары басталып кетті. Биыл Сарысу, Мойынқұм және Талас аудандарындағы Шу, Талас және Аса өзендерінің бойындағы өнім өткен жылмен салыстырғанда жоғары болғандықтан, ірі шаруа қожалықтарға шөпті аталған аудандардан орып алу ұсынылды. Бұдан бөлек, кейбір аудандағы шаруалар өз меншігіндегі сай-салаларды халыққа бөліп беріп отыр. Осылайша шөп дайындау жұмыстары Жуалы тағы бір-екі ауданда ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, біздің басқарма тарапынан өткен сенбіден бастап барлық аудан орталықтарында «жем-шөп сату» жәрмеңкесін өткізу қолға алынды", - дейді облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов.

Мал азығы бағасының негізсіз шарықтап кетуінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңке барлық ауданда өтті.

Ондағы баға да нарықтағыдан біршама төмен болды.

Читайте также
Әсел Айтпаеваны зорлады деген күдіктінің неден өлгені анықталды

Атап айтсақ, Мойынқұм ауданына жеткізілген бір бау жоңышқа – 1000, пішен – 500, бір орама шөп (рулон) – 3500 теңгеден өткерілді.

Жалпы жәрмеңкеге 1600 бау пішен, 1000 бау жоңышқа және 500 орама шөп (рулон) жеткізілген.

Сол сияқты Т.Рысқұлов ауданында өткен жәрмеңкеде 36 тонна жоңышқа, 56 тонна пішен және 28 тонна сабан сатылған.

Сонымен қатар екінші орымның жоңышқасы 1200 теңгеден, пішен – 900, ал сабан — 450 теңгеден өткерілді.

Ал, Меркі ауданында ұйымдастырылған жәрмеңкеде жоңышқа – 1400, табиғи шөп – 900, сабан – 600 теңгеден саудаланды.

Талас ауданында жоңышқаның бір бауы – 1200, пішен – 800, Жамбыл ауданында бір бау пішен – 850 теңгеден айналған.

Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы бұл жәрмеңкенің алдағы апталарда да тұрақты ұйымдастырылатындығын жеткізді.

Фото: inform.kz.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Константин Сыроежкин: Китай не намерен жертвовать своими национальными интересами
Руководство КНР прекрасно осознает, что некоторые силы «загоняют страну в угол»
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Лимоны под снегом: пенсионеры из ВКО в морозы выращивают экзотические фрукты и цветы
Недалеко от Усть-Каменогорска супруги Земляные создали настоящий оазис
Дело о крушении Fokker-100 Bek Air: хозяин дома признал свою вину
Однако он подлежит освобождению от уголовной ответственности согласно сроку давности
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Спасут ли экономику иностранные инвестиции или создадут «два Казахстана»?
Иностранцы получают «зеленый коридор» на 25 лет, а отечественные компании вынуждены выживать
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Средняя дивидендная доходность по рынку в Казахстане удвоилась в 2025 году
Почему активизировались инвесторы?
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента