Қыдыр Ата атанған қызылордалық Сәбит және оның командасы

3039 просмотров
0
Айнұр ТҰҢҒЫШБАЕВА
Четверг, 17 Окт 2024, 18:30

Алтыншы баспананы алты балалы отбасыға тарту етті

Читайте также
Сәбит және оның командасы

Әбіш Кекілбаев ағамыз сияқты сөз сабақтасақ, арамызда әлсізге медет, зарыққанға жебеу, тарыққанға демеу, сасқанға сая боп жүретін ат төбеліндей азаматтар бар. Олар пейіл кеңейтіп, мерей өсірер, тілек қосар қайырлы шараларға жұмылуды әдет еткен. Сондай жанның бірі – қызылордалық Сәбит СҰЛТАН.

Осыдан 6 жыл бұрын екі қолдағы саусақтың санындай жігіттер бас қосып, қайырымдылықпен айналысуды мақсат етті. Шекелері шылқығаннан емес, жер басып жүрген тірі шағында жетім-жесірді жебеп, жылағанды жұбату деген адами миссияны атқару үшін. Ас ішіп, аяқ босатып, күн өткізу үшін емес, жас ұрпаққа үлгі болар істі жасау үшін. Осы уақытқа дейін Сәбит және оның командасы 5 баспананы мұқтаж жандарға тарту етіп, еңкейгеннің еңсесін тіктетті, тірліктерін түзетті. Бұл туралы Ratel.kz жазған да болатын. Міне, және бір баспана өз иесін күтіп тұр. Кейіпкер кім десек.

Қызылоралық Бота ПАНОВА 6 баланың анасы. Тұңғышы әскери борышын өтеуде. Қазір қолында 5 баласы бар. Апатты деп танылған қоржын үйдің бір бөлмесін паналап отыр. Осы күніне де шүкір етеді. Өйткені далада қонған кездері аз емес. Үйі де, күйі де жоқ келіншектің күйеуі де жоқтың есебінде. Аман құтылғанына шүкір айтады. Қорғансыздың күнін кешіп жүрген байғұс ананың балалары да тұрмыстың тауқыметін титтейінен көріп келеді. Бірақ, бір таң қалдырғаны – бұл отбасы мүлдем мойымайды. Жігері мықты. Құдайдан күдерін үзбей, тіршілік үшін тырбанып келеді. Шиттей бала-шағаны бағу үшін Бота тігін шеберханасын жалға алып, күнделікті нанын тауып жүр.

Таңда тұра сала тірлікке асығатын Бота өзін қандай тосынсый күтіп тұрғанын білмейтін еді. Бір жұмыс тапсырғалы тұр деп ойлап келген келіншек қолына кілтті ұстатып, “осы баспана енді өзіңдікі!” дегенде, қапелімде не істерін білмей қалды. Қазақ қуанған мен қорыққан бірдей деп бекер айтпаса керек

Читайте также
Олар Аяз Ата емес

Игі істің басы-қасында жүретін Сәбит тым қарапайым. Артық сөзге жоқ. Жұмыстан қашпайды. Келіншегі екеуі кешке қосымша тірлік жасап, тиынды тиынға қосып, осындай қайырлы іске бағыттап, содан ләззат алады. Кейбіреулер өмірдің ләззатын іздеп, кафе, сауна жағаласа, Сәбиттің отбасы мен достары титімдей болса да осындай мейірімге толы көрініс үшін бар күш-жігерін паш етуге әзір.

Сәбит және оның командасының алдағы жоспары да ауқымды. Үлкен үй тұрғызып, оны бірнеше пәтерге бөліп, шын мұқтаждарға қоныстой жасағысы келеді. Өзі аз халқымыз әркімнің бұрышын паналамай, өз шаңырағында бала-шағасымен бақытта өмір сүргенін қалайды. Тірлік етуге құлшынған, жақсылыққа ұмтылған осындай азаматтарды көргенде ертеңге деген сенімің беки түседі.

Фото: © Ratel.kz / Айнұр Тұңғышбаева.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Политолог Марат Шибутов: «Боюсь, со СМИ уже у нас покончено»
Или что скрывается под прессом уголовных преследований на журналистов
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Как построить демократию без хаоса
Гражданское общество, партийное строительство, национальный Курултай
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером