Қызылорда облысында екі полицей ұсталды

7670 просмотров
0
Ратель
Среда, 10 Июл 2024, 13:00

21 маусымда тергеу соты күдіктілерге қатысты үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті Қармақшы аудандық полиция бөлімінің екі қызметкерін ұстады.

Читайте также
Қызылорда облысынан халық қашып жатыр

Бұл туралы Қызылорда облыстық прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Департамент мамандары 19 маусымда сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау дерегі бойынша аудандық полиция бөлімі миграция қызметінің маманы Т.Н. мен полицияның учаскелік инспекторы Ж.К.-ні қолға түсірді.

21 маусымда тергеу соты күдіктілерге қатысты үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс Қармақшы аудандық сотының қарауына ұсынылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де деректер жария етуге жатпайды", - деді Қызылорда облыстық прокуратурасында.

Фото: gov.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.