Жаңа петиция: Алматыдағы экопосттардың көзін құрту керек!

2044 просмотров
0
Ратель
Четверг, 20 Июн 2024, 13:00

Кедейлерге салынатын қосымша салық болды бұл пәле

Біз, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары, осы петицияны қаланың периметрі бойынша орнатылған экологиялық посттарды жабу мақсатында жасап отырмыз. Бұл посттар экология тұрғысынан тиімсіз және іс жүзінде "кедейлерге салынатын қосымша салыққа" айналды, делінеді петицияда.

Экопосттардың жұмысы қисынсыз және дискриминациялық сипатқа ие деген автор мынадай дәлелдер келтіреді:

Біріншіден, іштен жанатын қозғалтқышы бар барлық автомобильдер зиянды газдар шығарады. Тіпті жаңа машиналар көп жүрсе, көбірек СО (көміртегі тотығы, зиянды газ) шығаруы мүмкін. Экопосттар автомобильден шыққан газдағы СО үлесін анықтайды (мысалы, егер СО үлесі белгіленген нормадан 0,3% - дан асса, онда бұл бұзушылық болады, бұл үшін шамамен 37 мың айыппұл салынады).

Екіншіден, егер тіпті бәрімізді жаңа машиналарға отырғызсаңыздар да, экология бұдан жақсармайды. Автомобильдер шығаратын негізгі зиянды заттар – PM2.5-10 бөлшектері (өте зиянды элементтер). Бұл бөлшектердің шамамен 80%-ы шығатын газдардан емес, жол төсемі мен машина бөліктерінің тозуы арқылы пайда болады (шина протекторлары, тежегіш колодкасы). Бірақ экопосттар мұны ескермейді. Осылайша, тіпті жаңа электрокар да экологияға PM бөлшектері түрінде зиян келтіреді.

Үшіншіден, жол кептелістері экологияға әлдеқайда көп зиян келтіреді (жүздеген мың машинаның бірнеше сағат бойы кептелісте тұруы миллиондаған тонна газ шығуына әкеледі). Егер әкімдік экология туралы соншалықты уайымдайтын болса, ең алдымен, көпжылдық кептелістер мәселесін шешу керек, әсіресе қалаға кіре берістерде.

Төртіншіден, Алматыда 19 экопост бар, ал олардың жанынан күніне жүздеген мың көлік өтеді, тиісінше қала көлеміндегі экопосттардың әсері шамалы.

Бесіншіден, әлемнің ешбір жерінде біздегі сияқты "күдікті" машиналарды тоқтатып, өлшеулер жүргізіліп, айыппұл салатын экопост тәжірибесі жоқ. Ескі машиналарға айыппұл салу – кемсітушілік және дискриминация, өйткені жаңа машиналар да жоғарыда аталған себептерге байланысты зиянды. Әлемде бұл мәселеге кешенді түрде қарайды. Бізде бензин нашар, жолдар нашар, кептелістер көп, мұның бәрі экологияға әсер етеді.

Алтыншыдан, егер машина СО нормаларынан асып кетсе,онда әдетте катализаторды, жану жүйесін және т. б. жөндеу қажет. Кризис жағдайында қарапайым халық үшін бұл өте ауыр болуы мүмкін. Егер адамға айыппұл салынса да, оның жөндеу жұмыстарын жүргізуі екіталай. Елдің 50%- ға жуығы 20 жастан асқан көліктермен жүреді (ресми мәліметтерге сәйкес).

Читайте также
Қазаққа мешіт керек пе?

Жетіншіден, экопосттарға қызмет көрсетуге жыл сайын бюджеттен жүздеген миллион теңге бөлінеді. Мысалы, 2024 жылға автокөлік мониторингі қызметіне шамамен 260 млн теңге бөлінді. Біз бұл шығындардың әсерін көріп тұрған жоқпыз.

Сегізіншіден, тіпті Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өзі 2023 жылғы 22 маусымда өткен брифингте экопосттардың пайдасыздығын мойындады. Алайда, Алматы экология басқармасы "экологияны жақсарту" ұранымен осы жұмысты жалғастыруда. Экопосттардың тиімділігі айыппұлдар көлемімен "өлшенуде", алайда бұның экологияға ешқандай қатысы жоқ.

"Осының бәрін ескере отырып, Алматыдағы экопосттар әділетсіздік, кемсітушілік тудырады, экологияға ешқандай әсер етпейді, тек қарапайым азаматтардың өмірін қиындатады деп санаймыз. Біз оларды жабуды және кешенді және ақылға қонымды шараларды қабылдауды талап етеміз", дейді петиция авторы.

Фото: kolesa.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента