Жетісайда бастық болған 65 жастағы зейнеткер пара алды

2560 просмотров
0
Данил Шемратов
Пятница, 18 Окт 2024, 13:30

Ол аздай, жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, жалған куәлік берді

Жетісайда 65 жастағы зейнеткер пара алғаны үшін сотты болды. Сансызбай СЕЙДӘЛИЕВ күні кешеге дейін Жетісай ауданының сәулет және құрылыс бөлімінде басшы болған. Оған пара бергені үшін айыпталған кәсіпкер Мейрамхан ШЫНТІЛЕУОВ те сыйлы жастағы қазақ, ол 1962 жылы туған.

Читайте также
Мынаны үйіне қайтарыңдар!

Тергеушілердің тапқаны мынау: 2023 жылдың қыркүйегінде Шынтілеуов өзіне тиесілі жер телімін кеңейтіп алмақ ниетпен сол маңайдағы бос жатқан аумақтарға көз тіккен. Содан өзінің туысы һәм жақын досы Сансызбай Сейдалиевпен сөйлескен. Ауданның бас сәулетшісінің қолында тұрған нәрсе ғой, ол досының бетін қайтармай, қол астындағыларына әлгі бос жатқан жерді жеке меншікке беру туралы тиісті құжаттарды рәсімдеуге тапсырма берді. Құжаттардың бәрі көз ілеспен жылдамдықпен екі-ақ күнде дайындалып-мақұлданып қойыпты. Содан соң кәсіпкердің шенеунік досына "берген рақметі" болса керек, банктегі шотына 250 000 теңге аударыпты.

Сол тірліктері түбі екеуінің басына бәле болып жабысты. Бұларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері қадалды. Шенеунікке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды, ал жер иеленушіні 367-баптың 2-бөлігі (пара беру) күдігімен тергеу басталды. Тергеу аяқталып, материалдар Жетісай аудандық сотына жіберілді.

Басында жасаған қылмысын мойындағысы келмеген екеуі "тергеушілер қысым жасады, рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолданды" деп араға прокуратураны қыстырмақ болған. Бірақ прокурорлар тергеушілердің әрекеттерінен ешқандай заң бұзушылық таппады.

Ақыры айыпталушылар бәрін толық мойындады.

  • Жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, жалған куәлік бергендерін айтты.
  • Бірақ енді кінәларын мойындап, өкінетіндерін жеткізді.
  • Бірі пара алғанын, екіншісі бергенін мойындады.
  • "Жасымыз үлкен, денсаулығымыз нашар екенін ескеріңдер енді" дегендей қылды.
  • Айыппұлмен құтылуға келісті.

Сонымен сот үкімімен кешегі шенеунікке 12,5 миллион теңге айыппұл, ал кәсіпкерге 7,5 миллион теңге айыппұл салынды. Екеуі де қосымша 69 000 теңгеден жәбірленушілерге өтемақы қорына төлеуге міндетті болды.

Фото: © Ratel.kz / Айдын Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Бензиновая афера на 37 миллиардов, новые правила для должников и тревожный сигнал из ООН
Главное за неделю: Раскрытие масштабной схемы контрабанды топлива, изменения в работе нотариусов, развитие Алатау и другие главные события недели
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай