Жетісуда имамдар жетіспей жатыр

1817 просмотров
0
Ратель
Среда, 06 Ноя 2024, 14:30

Бұл шалғай ауылдардағы өзекті мәселе

Жетісу облысында 210 ға жуық мешіт бар. Имам-молда, азаншы сияқты дін қызметкерлеріннің жалпы саны 278. Алайда шалғай ауылдардағы мешіттерге имам әлі де жетіспейді, деп жазады ҚазАқпарат.

Читайте также
Ауызашар беру концертке айналып бара жатыр - Нұрлан имам

Облыстың бас имамы 12 ауылдағы мұсылмандардың құлшылық үйінде имамның жоқтығын айтты. Бұл әсіресе аудан, қалалардан жырақ жатқан шалғай ауылдардағы өзекті мәселе екен.

- Өткен жылдары имам саны 250 ге жетпейтін қазір молда, азаншыларды қосқанда қызметкерлер саны 280 ге жуықтады. Соның өзінде имам тапшылығы бар. Биылдың өзінде университет, колледждерден 14 түлек қызметке келді. Имамдарға жалпы жалақы төленбейді. Үлкен қалалық, аудандық мешітегілерге ғана ең төменгі жалақы 74569 теңге төленеді. ҚМДБ тарапынан бітіруші барлық жас имамдарға айлық тағайындаймыз деген оны қолға алып жатыр. Біз облыс әкіммен келісе отырып, жоғарыда айтқан 14 жас дін қызметкерлерінің екі-үшеуін уақытша тұрса да баспанамен қамтамасыз еттік, - деді Жетісу өңірі бойынша бас имам Керімбек ДӘУІТОВ.

Фото: жеке мұрағат.

Облыстағы имамдар діни сауатын арттыру мақсатында Алматыдағы ислам институтына 2 айлық курсқа жіберіліп тұрады екен. Қазірдің өзінде 4-5 имам сонда оқып жатыр. Екі имам доктарантурада, оның бірі диссертациясын қорғауға Түркияда білікті ұстаздардан білім алуда. 10 жоғары білімді, магистр бар. Тамыз айында аттестациядан өткен 27 имам қазір дін жолындағы қызметтерін жалғастырып жатыр.

Фото: iman.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд