Жұмбақ өлім: Талғар өзенінен әйелдің денесі табылды

1983 просмотров
0
Ратель
Пятница, 31 Мая 2024, 16:00

Марқұмның туыстары күдіктілерді атады

Талғар жұрты кеше табыт шығарып, жақынын жерледі. "Төрт баласын жеткіземін" деп жүріп көз жұмған жалғызбасты әйел екі жұмысты қатар алып жүріп, жаңадан үй салуды жоспарлаған. Баспана тұрғызамын деп бақилық болған марқұмның баласы сол түнді қорқынышпен еске алады, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

- Үйге 3 ағай келді. Оларды бірінші рет көрдім. Олар сағат 22:00-де кетті. Анамның өліміне кінәлі солар ма деп ойлаймын. Анаммен сөзге келіп қалғанын естідім. Ол өзіне қол салуы мүмкін емес. Өйткені анам бізді қатты жақсы көретін. Үй салатынын айтып, "бақытты өмір сүреміз" деп отыратын, - деді марқұмның баласы.

Артында төрт баласы боздап қалған 42 жастағы марқұмның мәйітін жақындары өзен бойынан тапқан. Олар сорғалаған қанның ізін көргенін айтты. Туыстары "марқұм көпірден өзі құлап өлді" дегенге сенбейді.

Сол түні анасынан хабар ала алмаған соң, жақындары оны жабылып іздей бастаған. "Мәйітті анықтауға келіңіздер" деген қаралы хабар түскен. Ол ауыл арасын жалғайтын қауіпті өткелден құлап кетуі мүмкін деген де болжам бар.

- Көпірден құлап кетуі мүмкін бе? Көз жеткізу үшін көпірге келдім. Үйге баратын жалғыз жол осы көпір арқылы өтеді. Бірақ мұнда келгенде қанның ізін көрдім, оның қан екені анық көрініп тұр, - деді марқұмның інісі Азамат АСУБАЕВ.

Куәгерлер каза тапқан келіншекті соңғы рет дүкеннен көрген. Керек-жарағын сатып алып, сыртқа шыққан соң камера көзінен таса болған. Ал дүкен мен көпір арасындағы қараңғы көшеде не жағдай болғаны әзірге беймәлім.

Читайте также
Әлі сол кедейшілік. Қаңтар тағы қайталануы мүмкін – депутат

- Нақты қай уақытта екенін айта алмаймын. Шай сатып алды, - деді дүкен сатушысы Әлия СУЛПАКОВА.

Көз жұмған келіншектің ағайындары ажалдың айтып келмейтінін түсінсе де "мезгілсіз қазаға бәз-біреулердің қатысы болуы мүмкін" деген пікір айтты. Олар Талғар ауданы полициясы тергеуді әділ жүргізсе деген талабын жеткізді. Өз кезегенде аудандық құзырлы орган қызметкерлері тиісті сараптаманың тағайындалғанын алға тартып отыр.

- 27 мамырда Талғар өзенінен бір әйел адамның мәйіті табылған. Сот-медициналық сараптама нәтижесі алынған соң, процессуалдық шешім қабылдаймыз. Осы факт бойынша куәгерлер болған. Бірге болған адамдармен Талғар ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде, - деді Талғар ауданы Полиция басқармасының бастығы Рүстем ЖАРЫҚБАСОВ.

Бір ай бұрын ғана осы қауіпті өткелге қатысты жұрт шағым айтып, талапқа сай көпір салсын деп өтініш білдірген. Жарықсыз, жолсыз болған соң талай адам суға кетті деп те дабыл қаққан. Алайда бұл мәселені жергілікті билік әлі назарға алмаған. Ал осы маңнан табылған мәйітке қатысты нақты шешім тек медициналық сараптамадан соң белгілі болмақ.

Фото: Almaty.tv.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Сокращение должности — не сокращение прав
Адвокат Асқат Сулубек о том, могут ли военнослужащего при сокращении должности заставить перейти на другую службу и отказаться от предусмотренных законом гарантий
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Казахстан предложил разместить у себя штаб-квартиру Банка развития ШОС
На встрече в Душанбе также обсуждались расчёты в нацвалютах, транспортные коридоры и ИИ
Медведи рядом с Алматы: где их можно встретить и насколько это опасно
Фотоловушки фиксируют хищников на лесных тропах, а специалисты изучают маршруты передвижения краснокнижных животных
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай