Зиратқа барғанда не істеуге болмайды – мүфтият кеңесі

20418 просмотров
0
Ратель
Вторник, 09 Мар 2021, 17:15

Қазақстан имамдарының соңғы форумында "Зират және зиярат мәдениеті" атты құжат қабылданды

Қазақстан имамдарының соңғы форумында "Зират және зиярат мәдениеті" атты құжат қабылданды. Онда зиярат жасаудың әдебі мен тәртібі туралы жазылған. Sputnik Қазақстан осы діни рәсімге қатысты мүфтияттың негізгі кеңестерін ұсынады.

Читайте также
Байқоңырға қаруланған адамдар кірмек болды

Шариғат бойынша қабірді зиярат жасау мұсылман үшін сауапты іске жатады. Зиратқа кірген кісінің "Йасин" сүресін оқып, сауабын марқұмдарға бағыштауы – сүннет. Ол қабір иелеріне жеңілдік береді.

"Ал арнайы зиярат мақсатымен барғанда егер білсе "Фатиха" сүресін, "Бақара" сүресінің алғашқы 5 аятын, "Аятүл курсиді", "Мүлк" сүресін, "Тәкәсур" сүресін, "Ықылас", "Фәлақ", "Нас" сүрелерін немесе білетін сүрелерді оқып, соңында: "Уа, Алла Тағалам, осы оқыған қасиетті аяттардың сауабын (тегі, аты, әкесінің есімі) деген пендеңе бағыштадым, қабыл ете гөр" деп дұға жасаса сауабы тиеді", - дейді имамдар.

Оқылған Құранның сауабын сондай-ақ Мұхаммед пайғамбарымызға, барша марқұм болған мұсылмандардың рухына бағыштаған дұрыс. Марқұмның өз есімі мен әкесінің атын айтқан абзал. Зиярат жасау кезінде тұрып та, отырып та дұға етуге болады. Құранды оқығанда жүзді Құбылаға қаратып,  дұрыс әрі сауатты оқу керек. 

Шариғат бойынша тыйым салынған амалдар да бар. Олар:

  • қабір басында ұйықтамау, дәрет сындырмау, ойнап-күлмеу, әзілдеп-қылжақтамау;
  • зират маңында пайдасыз, бос сөздер айтпау;
  • қабір басында намаз оқымау, құлшылық жасамау, оны айналып тауап етпеу;
  • қабірде жатқан кісіге табынбау;
  • қабір басындағы ағаштарды сындырмау, шөпті жұлмау (тазалық мақсатында қураған ағаштарды кесуге, шөбін оруға болады);
  • зират ішінде ішімдік ішу, темекі шегу, насыбай ату сынды жөнсіз істер жасамау;
  • Зираттағы кесенені мешітке айналдырмау, онда құлшылық жасамау;
  • қабірлерді сипамау, тауап жасап айналмау.
Читайте также
Қазақстанда алғаш компьютерлік ҰБТ-ға тіркелу басталды

Зиярат жасаудың арнайы уақыты жоқ. Аптаның кез келген күнінде зиярат жасауға рұқсат. Бірақ дәрет алып бару қажет.

Сосын қорымға кіргенде барлық қабір иесіне Алладан рақым тілеп сәлем берілуге тиіс.

"Уа, муминдер мен мұсылмандардан болған қауым! Алла бізден бұрын дүние салғандарға және бізден кейін бақилық болатындарға рақым етсін! Алладан өзіме де, сіздерге де есендік тілеймін! ", - деп сәлем берген жөн.

Әйелдердің зиярат жасауына қатысты бірнеше шарт бар. Олар:

  • қабір зияраты ниетімен шыққанда, сәнденбеу, иіс су себінбеу;
  • шариғат талаптарына сай (ұзын етек, ұзын жең, орамал тағу) киіну;
  • қабір басында ұстамдылық таныту, дауыс шығарып жыламау, орынсыз сөйлемеу, дауыс көтермеу;
  • зиярат барысында бөгде ер азаматтармен араласып жүрмеу, әдеп сақтау;
  • қабірді зиярат ету үшін күйеуінің рұқсатын алу (тұрмыс құрған әйелдер үшін).

Айта кетейік, "Зират және зиярат мәдениеті" құжаты Қазақстанда зираттарды тұрғызудың әрі оларды зиярат етудің үрдісін бір ізге келтіріп, өзіндік мәдениетін қалыптастыру мақсатында әзірленген  болатын. Ал ондағы шарттар Ислам діні мен ата-бабаларымыздың озық дәстүрлеріне негізделген.

Фото: Sputnik / Тимур Ниталиев.

Оставьте комментарий

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Сокращение должности — не сокращение прав
Адвокат Асқат Сулубек о том, могут ли военнослужащего при сокращении должности заставить перейти на другую службу и отказаться от предусмотренных законом гарантий
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
США направили в Центральную Азию Марко Рубио и более 200 представителей бизнеса
В Самарканде 19 октября обсудят энергетику, инвестиции и стратегические ресурсы региона
Медведи рядом с Алматы: где их можно встретить и насколько это опасно
Фотоловушки фиксируют хищников на лесных тропах, а специалисты изучают маршруты передвижения краснокнижных животных
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай