Зейнетақы ақшасынан ішінара алынатын сомаларға 10% мөлшерінде жеке табыс салығы салынады

1091 просмотров
0
Ратель
Вторник, 08 Сен 2020, 20:00

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады

Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, жеке табыс салығы салынатын табыстарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан салық төлеушілердің зейнетақы жинақтарынан төлейтін төлемдері де жатады (Салық кодексінің 326-бабы).

Бұл ретте жеке тұлғалар 1 ең төменгі жалақы мөлшеріндегі салықтық шегерімді қолдану арқылы салық салынатын сомасын азайтуға құқылы.

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары (ҰОС-на қатысушыларға теңестірілгендер, барлық топтағы мүгедектер, мүгедектердің ата-аналары мен қамқоршылары, жетім балаларды асырауына алған ата-налары) қосымша 882 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде шегерім қолдануға құқылы, бұл 2,3 млн теңгені құрайды (Салық кодексінің 345, 346, 353-баптары).

Тиісінше, көрсетілген шегерімдерді ескере отырып, тұрғын үй сатып алуға, емделуге және басқа да рұқсат етілген мақсаттарға зейнетақы ақшасынан ішінара алынатын сомаларға 10% мөлшерінде жеке табыс салығы салынады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі.

Фото: Ⓒ Ratel.kz / Сергей Перхальский.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд