COVID-19 жоқ ауылға саяхат

4356 просмотров
0
Эрик БАЙЖУНУСОВ
Четверг, 21 Мая 2020, 12:30

​Қазақта "Құдай сақтанғанды ғана сақтайды" деген сөз бар. Сақтанып жүрейік

​Әрине коронавирус қаупі әлі басылған жоқ. Індет бүгінде әлем бойынша бес миллионға жуық адамның денсаулығына қатер төндіріп, 300 мыңнан астам азаматтың өмірін қиды. Ендеше, карантинді тоқтатуға әлі ерте. Дегенмен біз қауіпті дерттің алғашқы соққысына абыроймен төтеп бердік деуге әбден болады. Бұл ең алдымен ел болып, жұрт болып жұмыла жасаған іс-қимылдың нәтижесі. Немқұрайдылық танытып, дер кезінде карантин жарияламағанда, Италия, Испания, АҚШ-тың кебін киеріміз сөзсіз еді...

Читайте также
Америкалықтар асырап алған қазақ баласы Өскемендегі ағасын тапты

​Жақында Алматы мен Алматы облысына бардым. Алдымен COVID-19 инфекциясына анализ тапсырдым. Қарапайым халықты былай қойғанда, медик болсам да менің өзім анализдің қорытындысы шыққанша "қалай болар екен" деп қобалжығаным рас.

Жалпы, бүгінде бір-біріне кереғар ақпарлар қалта телефондағы мессенджерлер арқылы сағат сайын келіп жатады. Мұның бәрі жұрттың құтын қашырып отырғаны жасырын емес. Тіпті, тест арқылы ауру жұқтырады екен деген далбаса пікірлерден кейін қарапайым қазақтың анализ тапсырудан да қорқып отырғаны шындық. Отандық медицина туралы көбіне сыңаржақ пікір қалыптасқан қоғамның ішкі күмәнінің сейілмеу себебінің бірі осында жатса керек. "Біткен іске сыншы көп" демекші, өміріміз қанша жақсарғанымен бәрібір бір жерден болмаса бір жерден мін тауып сынай кетеміз.

Індетке қарсы күн демей, түн демей күресіп жатқан әртіптестердің жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырғанына осы жолы тағы бір рет көзім жетті. Процесс толығымен санитарлық талапқа сай. Вирус жұқтыру мүмкіндігі аз. Жұмыс замануи технологияларға сәйкес жүріп жатыр, толық компьютерлендірілген. Таңертең тапсырған сараптаманың қорытындысы көп күттірген жоқ, ертесіне таң ата телефоныма "вирус табылған жоқ" деген хабарлама келді. Керемет!

​Тек бір алаңдататыны – зерттеу құнын көпшіліктің қалтасы көтере бермейтіндігі. Тексеруден өтуге міндеттеген соң ақшасын төлейсің, амал жоқ. Бірақ барғанда міндетті болған анализдің қайтқанда қажетсіз болып қалғаны тағы бар. Не болса да тірі пендеге жаннан артық не бар, дерт жұқпағанына тәубе.

​Сонымен, билет алып Алматыға жеттім. Енді қалайда облыс аумағына шығуым керек. Қиын-қыстау шақта жолға шығуымның бір себебі – ауыл жақтағы бір ағамызды ақтық сапарға шығарып салу болатын. Оған да қажетті құжаттарды реттеген соң, екі ортадағы тас-түйін шлагбаум ашылып, ауылға кетуге рұқсат алдым.

Читайте также
О человеческой подлости

​Алматы – үлкен қала. Бәрін бірдей бақылап, емін-еркін жүріп үйренген жұртты тезге салу оңайға түспегені көрініп тұр. Екінің бірі маскасыз, көрмейін десең де көзіңе оттай басылады. Аэропорттан (Әуежай демегеніме сөкпеңіздер, мен оқыған кезде аэропорт болатын) шыққанда сол баяғы: "такси, таксилетіп" жарғақ құлағы жастыққа тимей адам таситын жерлестер толып жүр. Жан бағу керек, түсінемін. Бірақ біреуінің масканы (бетперде деуге ауызым бармайды) дұрыс таққанын көрмедім. Бірі оны алқа секілді мойнына тақса, екіншісі танауын шығарып қойып, аузы мен иегін ғана жауып алған.

​Кездескен адамың құшақтасып, кеуде қағысып амандасып жатыр. Күтіп алған әріптесіме: «Сендерге ара-қашықтық сақтау дегенді ешкім айтпаған ба?!» - деп дүрсе қоя бердім. Ол: "Ереке, телевизордан күнде айтып жатыр ғой. Бірақ осы күні оларға кім сенеді?" - деді жымиып. "Не істейміз? Моншаға барамыз ба?" - деп сұрағанда үйдегі моншаны меңзеп тұрған шығар деген үмітпен: "Қой, үйдегілерден ұят болар, карантин ғой" дедім қысылып. Жолдасым қарқылдап күлді: "Қайдағы үйдегі? Істеп жатыр ғой, ақырындап". Соңғы диалог төбемнен жай түскендей әсер етті.

​Қанша дегенмен жол ашылған, бұрынғыдай көлік кептелісі жоқ. Алайда көшеде карантин талаптарына бағынбайтындар көп. Аэропорттың ішінде бақылауды күшейткен соң, сыртын да түзей салса ғой, шіркін! Көше бойында сап түзеген тауар жарнамасының көрінетін жерлеріне вирустан сақтану ережелерін бадырайтып тұрып жазып қойса ғой! Оның бірі де жоқ. Бәрі бәз-баяғы қалпы. Вирустың дәл осында кеңінен таралуының бір себебі осы емес пе деген ойға қалдым.

​Қаладан шығып, Райымбек ауданының шекарасына да жеттік. Үлкен қаладан көрген сүреңсіз картинадан нілдей бұзылған көңілде: «Алматыдағы тәртіп анадай болса, бұлардан не сұрарсың» деген ой қылаң берді. Шекарадағы блок-постқа тоқтадық. Басынан бақайшағына дейін қорғайтын костюм киген әріптестерім мен полиция қызметкерлері көліктегі адамдардың тізімін жазып алды. Бет алған бағытымызды, ол жақта неше күн болатынымызды сұрап, рұқсат қағаздар мен құжаттарымызды тіркеді. Жол ашылды. Кеген селосына кіре берісте тағы бір посттан өттік. Тағы да қатаң тексеріс. Жол тап-таза. Басы артық, бейсауат жүрген көлік көрінбейді. Одан шыға берісте тағы да пост. Тағы да тексеру. Алматыда құлазыған көңілім сабасына түсе бастағандай болды.

Читайте также
О том, что нам сокращает жизнь

​Сарыжаз аулына кіреберісте тағы тоқтатты. Нарынқол ауданының посты екен. Талайды көрген басым бұрын-соңды мұндай қатал тексеруден сірә, өтпеген шығармын... Жолаушылап келе жатқан бесеуміздің де қызуымызды тексеріп, көлікті жолдың шетіне қарай шығарды. Астымыздағы көлікті толықтай дезинфекция құралдарымен жуып-шайғаннан кейін ғана өтуге рұқсат алдық.

​Қанша дегенмен, ауылдың аты ауыл. "Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария келіп сәлем береді" демекші, бізді көруге ынтыққан ағайын аз болған жоқ. Ақсақалдар, әжелер, ағайын-туыс дегендей. Біз де тексеруден өтіп келгеннен кейін тартынбай емен-жарқын араластық, сөйлестік. Туған жердің тұнық суын ішіп, дәмін татып бірер күнде елордаға тарттым.

​Мен ауылдағы әрептестеріме қаланы үлгі етем ба деп келсем, керісінше орталықтағы мамандарды осы ауылдарға жіберіп, карантин мен бақылау бекеттерінің жұмысын қалай ұйымдастыру керек екенін үйрету керек па деп ойландым. Сонымен қатар, осы заң қабылданса сол заңды бұлжытпай орындайтын да, барлық шараларды дүрыс атқаратын да осы біздің ауылдастарымыз. Бәріміз осындай болсақ қоғамымыздағы көптеген проблемалар да шешілер ма еді?

​Қазақта "Құдай сақтанғанды ғана сақтайды" деген сөз бар. Сақтанып жүрейік. Алдағы уақытта ағайын-туыспен, дос-жаранмен амандықта қауышқымыз келсе...

Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента