Сарыағашта ХҚО қызметкері көпірден секірмек болған жігітті өлімнен құтқарды

1503 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 08 Фев 2021, 19:00

Үйіне бара жатқан Талғат Бағдатұлы жолай жиналып қалған жұртты байқап, жақындағанда көпірден секіргелі тұрған жігітті көреді

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына қарасты Сарыағаш аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы бөлім басшысының орынбасары Талғат Камилов пойыз өткеліндегі көпірден секіріп, суицид жасамақ болған жігітті ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үйіне бара жатқан Талғат Бағдатұлы жолай жиналып қалған жұртты байқап, жақындағанда көпірден секіргелі тұрған жігітті көреді. Ол бірден көмекке ұмтылған.

Читайте также
Қазақстандықтардан жүргізуші куәлігі қай күннен бастап талап етілмейтіні белгілі болды

"Мен досымның көлігімен үйге келе жатқанмын. Бір кезде жиналған адамдардың "секірме" деп жатқанын естідім. Көліктен түсе сала сол жігітке қарай жүгірдім. Қасына барып, "інім, қалың қалай? Сенің бұлай істеуіңе не себеп болды? Ақылға кел" деп қана сұрап үлгердім. Ойлануға уақыт болмады, ортамызда бір тосқауыл бордер бар, бірден әлгі жігітке қарай секірдім. Алғашында қолымнан тайып кетті, сосын қайта ұстап үлгеріп, айқайлап "ұстаңдар" дедім. Аман-есен алып шыққан соң қуанып, өз-өзіме келдім. Мен мұны ерлік демеймін, бұл - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз",- дейді Талғат.

Құлап бара жатқан жанды құтқаруға сол жердегі азаматтар мен полиция қызметкерлері де көмектескен.

Мемлекеттік корпорацияда 2009 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Талғат Камилов - халыққа адал қызмет етуден жалықпаған білікті қызметкер, отбасында үш перзент тәрбиелеп отырған ардақты әке.

Қазіргі уақытта "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметкерін марапатқа ұсыну мәселесін қарастырып жатыр.

Фото: ҚазАқпарат.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай