42500 теңгені заңсыз алғандар тексеріле ме – министр Нұрымбетовтің жауабы

2989 просмотров
0
Ратель
Суббота, 18 Апр 2020, 19:20

Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге алған адамдарға қатысты қандай да бір тексеруді бастамайтынын мәлім етті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ Facebook-парақшасында 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алу кезіндегі жауапкершілік туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде азаматтарды жауапкершілікке тартатындай құзырет жоғын бірден айтайын. Бізде мемлекеттік еңбек инспекциясы бар еді. Оны 2013 жылы әкімдердің құзырына берді. Сол себепті біреуді жауапқа, болмаса қылмыстық жауапкершілікке тарта алмаймыз", - деді министр.

Читайте также
Джохар Утебеков: 42500 теңгені қайтарам деп жанұшыра жүгірудің қажеті жоқ

Ведомство басшысы 42 500 теңге әлеуметтік төлем кімдерге арналғанын тағы еске салды.

"Төтенше жағдай енгізілген уақыттан бері КІРІСІН ЖОҒАЛТҚАН АЗАМАТТАРҒА әлеуметтік төлемді (42500 теңге) АЙЛЫҚ ЕҢБЕКАҚЫСЫ САҚТАЛМАЙТЫН ДЕМАЛЫСҚА жіберілген жалдамалы жұмысшылар алуға құқылы екенін айтып, түсіндіріп келеміз. Алғашқы күннен бұйрықта да (Ереже) осылай жазылды және ол өзгерген емес! Өкінішке қарай ЖҰМЫСЫН ІСТЕП, АЙЛЫҒЫН алып жүрген жалдамалы жұмысшылардың көбі (яғни оларды айлығы сақталмайтын демалысқа ешкім жібермеген) 42 500 теңгеге өтінім бергені анықталды. Ережеге сәйкес сізде бұл төлемді алу құқығы жоқ болған! Маған кейбіреулер "онда неліктен сіздер бізге төлем аудардыңыздар?" деп сұрақ қояды. Себебі өзіңіз (немесе жұмыс берушіңіз) өтінімді беріп отырсыздар. Ол өтінімде жұмыс беруші айлығыңыз сақталмайтын демалысқа жібергенін, кірістен айырылғаныңызды жаздыңыз", - деді Біржан Нұрымбетов.

Министр уәжі бар азаматтардың тағы бірі "неліктен сіздер өтінімді қараған кезде оның бәрін тексеріп алмадыңыздар?" деп сұрақ жолдайтынын айтады.

"Біз оны тексере алмадық. Себебі мынада: Ереженің алғашқы нұсқасында біз жұмыс берушіден жұмысшыларды айлығының сақталуынсыз демалысқа жіберетіні туралы бұйрықтың көшірмесін немесе ақшаның жоқтығынан жұмысшыларға айлық төлей алмайтынын дәлелдейтін басқа да бір құжатта жолдауды талап еттік. Екінші күні жұмыс берушілер, жұмысшылар, қоғам өкілдері, кәсіпкерлер палатасының өкілдері бұл амалдың тым бюрократиялық сипатқа ие екенін, жұмыс берушілер үшін egov арқылы сканерленген құжатты бекіту қиынға соғатынын жеткізді. Біз бұл ескертпені назарға алып, аталған талапты алып тастадық. Тек өтінім беруші ТЖ-ға байланысты кірісін жоғалтқанын және келтірілген мәліметтердің шынайылығы үшін жауапкершілік артатынын РАСТАЙТЫН ӨТІНІМДІ қалдырдық. Яғни ХАБАРЛАНДЫРУ қағидатын қолай көрдік", - дейді ол.

Читайте также
42500 теңгені заңсыз алғандарды не күтіп тұр?

Б.Нұрымбетов бұл ретте жұмысшылардың көбінің талап-тілегі (жұмыс берушілері олар үшін өтінім беруге асықпаған) ескерілгенін де айтады. Себебі жұмысшыларға еңбек ететін компаниясының БИН нөмірін көрсете отырып, өтінім беру мүмкіндігі берілген.

"Қоғам өкілдерінің бұл ретте ескертпесін тыңдап, дұрыс істедік деген ойдамын. Осыдан кейін сіздің айлық сақталмайтын демалысқа шығатыныңыз туралы бұйрықты қалай тексере аламыз? Мүлде т ексере алмаймыз. Сіз өз өтініміңізбен мәліметтің бәрін бердіңіз, біз оны қабылдадық. Көп адам "мәліметтер базасы болғаннан кейін бұл ереже бұзушылықтың бәрін тексеру кезінде анықтауларың керек еді" дейді. Алайда біздің базада сізді айлықсыз демалысқа жіберу туралы бұйрық жоқ. Себебі сіздердің талаптарыңыз бойынша мұндай бұйрықты тапсыру ережесін алып тастап, хабарландыру сипатына ауыстырдық. Оның үстіне біз мүлде шықпаған бұйрық қайдан болсын (сіз демалысқа кетпей, жұмысыңызды жалғастырып, айлықты алып жүрсіз, яғни сіз ТЖ кезінде табысыңызды жоғалтпадыңыз)", - деп жазады министр.

Осы себепті ведомство басшысы "кім төлемді тағайындады – сол кінәлі" деген оймен келіспейтінін жеткізді. "Осы жазғанымның бәрі ТЕК жұмысын істеп жүріп, айлығын алып жүріп, 42 500 теңгені алуға өтінім берген адамдарға ғана қатысты. Әйтпесе ереже бойынша бұл төлем негізінен айлықсыз демалысқа жіберілген жалдамалы жұмысшыларға ғана берілуі керек еді. Осыған байланысты 42 500 теңгеден аударып отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) заңсыз беріліп кеткен төлемді қайтаруды талап етуге толық құқылы. Жалпы МӘСҚ 42 500 теңгеден бөлек мүгедектерге, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылғандарға, жүкті әйелдерге, бір жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырғандарға төлем аударады", - деп еске салды Біржан Нұрымбетов.

Біржан Нұрымбетов сонымен қатар 42 500 теңге алған адамдарға қатысты қандай да бір ТЕКСЕРУДІ бастамайтынын мәлім етті.

"Жоғарыда аталған жалдамалы жұмысшылар мен жұмыс берушілерден басқа ешкімді тексермейміз. Сіздің адал түрде өтінім беріп, заңды түрде ақша алғаныңызға сенімдімін. Өзіңізді және өзіңіздің жақындарыңызды сақтаңыздар", - деп түйді министр.

Фото: Ⓒ Ratel.kz / Сергей Перхальский.

баспагер
Құлдық сана дегеніміз – 500 мың теңге төлеп, қытай көлігін русификациялау.
Сможет ли Трамп заставить казахские власти суетиться
Тарифная война - это так плохо, что даже и хорошо
Почему ЖК “Трилистник” будет мозолить глаза карагандинским прокурорам
Каким образом юридически оформлены 25 этажи в 24-этажных высотках
Как Жакип Асанов поспособствовал беспределу МФО
Почему нужно допросить сенатора в ходе расследования мошенничества микрофинансовых организаций
Как судья Мекемтас лишал имущества возлюбленную учёного мирового уровня
В суде, возглавляемом оскандалившимся судьёй, женщину-профессора объявили простой лаборанткой, которая не может владеть 400 тысячами долларов
Когда Казахстан выйдет из ОПЕК+
Что лучше: ужасный конец или ужас без конца?
На актюбинских стоматологов из известной клиники возбуждено уголовное дело
После того как ребёнку в клинике удалили зуб, в десне осталась часть корня
Война Израиля с Ираном
Как всё начиналось
При Узынагаше открываются древнейшие страницы человеческого присутствия в Семиречье
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Застрявшие в Катаре казахстанцы отмечают плохую работу местной авиакомпании
Также они не совсем довольны реакцией посольства Казахстана в Дохе
Исторический weekend. Позитивное брюзжание на тему туризма
Позитивное – потому что не с целью поругать, а с целью улучшить ситуацию
Снова об автомобильных дорогах Казахстана
Из выделенных 700 образовательных грантов на специальность “Транспортное строительство” поступил всего 41 студент
Бывший гендиректор ArcelorMittal Temirtau рассказал про кражи угля в шахтах и борьбу с ОПГ на комбинате
Некоторые работники шахт получали угрозы и ходили с охраной
Дело о смертельном отравлении: в Петропавловске медсестру приговорили к двум годам лишения свободы
Районная больница должна возместить потерпевшей семье 10 млн тенге
Сельские медики обвинили руководство в давлении и вымогательстве
В районной больнице началась проверка, а директор учреждения предупредил подчинённых об административной ответственности
Экс-судья Жолманова из Алматы приговорена к 10 годам тюрьмы
Ущерб от её действий оценивается в миллиард тенге
Дело в отношении и.о. ректора ЮКГУ Кайрата Нурумбетова и других передано в суд
Адвокаты добились назначения дополнительной экспертизы
Чего на данный момент добился Дональд Трамп
Политический кризис в США не за горами
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.