Ағамыз 60 жасында арақты қойды

3770 просмотров
0
Данил Шемратов
Понедельник, 30 Дек 2024, 14:00

Қу арақтың кесірінен өзінің ұлын өлтіріп қоя жаздаған ғой

Читайте также
Қызық-ей. Біреудің әйелінде несі бар

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты судья Сәбит ТӨРЕХАНОВТЫҢ төрағалығымен 1964 жылы туған жергілікті тұрғын Кәрімқұл М.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарын қарады. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі бойынша (жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру) айып тағылған болатын.

Тергеу барысында анықталғандай, биыл 25 қыркүйекте шамамен сағат 15:00-де айыпталушы өз үйінде спирттік ішімдіктер ішкен. Отағасы Кәрімқұлдың арақтың құлына айналғанына наразылық білдіріп, онымен 35 жастағы ұлы мен әйелі жанжалдасқан екен. Жанжал барысында не істеп не қойғанын білмейтін күйге дейін қатты мас болған Кәрімқұл қолына түскен пышақпен ұлының кеудесінен ұрыпты. Әйелі жедел жәрдем шақырды. Ұлы ауыр жағдайда қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Өміріне кәдімгідей қауіп төнген. Құдай сақтап, дәрігерлердің жедел араласуының арқасында жас жігіт ажалдан аман қалды.

Кәрімқұлды полиция әкетіп, ол сот санкциясымен қамауға алынып, тергеу изоляторына кете барды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қамауға түскен соң есін жиып, не бүлдіргенін түсінген соң ол инфаркт алған. Оны да ауыр жағдайда ауруханаға жатқызуға тура келді. Екі ай емделген соң ол сот алдында жауап берді.

Читайте также
Жетісайда бастық болған 65 жастағы зейнеткер пара алды

Сотта Кәрімқұл өз кінәсін толық мойындап, өте қатты өкінді. Енді ішсем ит боп кетейін деп, арақты мүлдем қойғанын айтып, ұлынан кешірім сұрады. Жәбірленуші сотталушыға еш шағым айтпады.

Сот жазаны жеңілдететін мән-жайлардың бәрін ескере отырып, Кәрімқұлды 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Артық етпес деп, Кәрімқұлға тұрғылықты жері бойынша алты айлық мерзімге мәжбүрлі түрде алкогольге тәуелділіктен емдеуді тағайындады, өйткені сот-медициналық сараптама о кісінің алкоголизмнің 2-дәрежесіне жеткен адам екенін анықтап берген. Сотталғаннан 84 309 теңге көлемінде сот шығындары және 73 840 теңге көлемінде Жәбірленушілер қорына мәжбүрлі төлем өндірілетін болады.

Фото: ашық дереккөзден.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Ормуз снова горит: один снаряд у Катара - и мир снова считает цену нефти
Даже небольшой удар по судну у берегов Катара вновь напомнил миру, насколько хрупкой остается безопасность главного энергетического маршрута планеты
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай