Америкалықтар асырап алған қазақ баласы Өскемендегі ағасын тапты

3083 просмотров
0
Ратель
Четверг, 21 Мая 2020, 11:00

2001 жылы Қазақстанда дүниеге келген Теодорды 1 жасқа толғанда америкалықтар асырып алған

АҚШ азаматтары асырап алған қазақ баласы әлеуметтік желілер арқылы Өскемен қаласындағы туған-туыстарына іздеу салған болатын. Аты-жөнін қазақ тілінде жазып, бала кезіндегі фотосуреттерді жариялаған Теодор Уолтонның туған ағасы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Жүргізушілердің тек бір құжатпен жүруіне рұқсат етілуі мүмкін

2001 жылы Қазақстанда дүниеге келген Теодорды 1 жасқа толғанда америкалықтар асырып алған. Дегенмен, өгей ата-анасы оның ұлты кім екенін, туған жері қайда екенін еш жасырмаған. Бүгінде оның жасы 20-ға жеткен. Жуырда Теодар Facebook-парақшасында өзінің Марат Тоқтарұлы Оразғалиев екенін жазып, бала күнінде ағасымен және апайымен түскен фотосуреттерді жариялады.

Араға 2 күн салып оның туған ағасы табылып отыр. ШҚО Білім басқармасының Қорғаншылық, қамқоршылық және интернат ұйымдары бөлімінің мамандары іздестіру жұмыстарын жүргізіп, ағайындыларды бір-бірімен байланыстырды.

Анықталғандай, Теодордың ағасы Күршім ауданында тұрады. 22 жастағы Рүстем Оразғалиев бауыры табылғанына әуел баста сене алмаған.

"АҚШ жігіті қазақстандық бауырын іздеп жатыр» деген жазбадағы фотода тұрған менмін, жанымдағы немере әпкем. Туған інім бар екенін, оны америкалықтар асырап алғанын 7-8 сыныптарда естіп білдім. Бірақ маған АҚШ-тан бауырымды табу бос қиял болып көрінгені рас. Сөйтсем, өмірде бәрі болады екен ғой", - дейді Рүстем.

Ағасы мен бауыры ғаламтор арқылы сөйлесуде. Бір-біріне қояр сұрақтары көп. Енді карантин аяқталған соң Теодор туған жеріне құстай ұшып жетпек.

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай