"Ауыл" партиясы сайлауға қатысты мәлімдеме жасады

1621 просмотров
0
Ратель
Суббота, 21 Янв 2023, 17:30

19 наурызда мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сол күні мәслихат депутаттары да сайланады

Читайте также
Риддер халқынан кешірім сұраймын – Даниал Ахметов

"Ауыл" халық-демократиялық партиясы алдағы сайлауға қатысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Партия төрағасы Әли Бектаевтың айтуынша, бүгінде партия қатарында тек ауыл шаруашылығы қызметкерлері ғана емес, жалпы ауылға жанашыр азаматтар да кіреді. Олардың ішінде білім және медицина, әлеуметтік сала қызметкерлері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері бар. Өйткені қазақстандықтардың жартысына жуығы ауылда тұрады.

"Ауылды, ауылды аумақтарды дамыту, ауыл шаруашылығын өркендету біздің мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі болып есептеледі. Бұл - біздің партияның бастапқы және өзгермейтін саяси бағыты. Сондықтан "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы парламенттің төменгі палатасы мен мәслихаттарға сайлау өткізуді құптайды", - дейді Бектаев.

"Ауыл" партиясы бәсекелестіктің күшейіп келе жатқанын байқап отыр. Одан еш қорықпайды.

"Біз Қазақстанда партиялық өрістің кеңейгені мен саяси күштер арасындағы бәсекелестіктің дамып келе жатқандығын көріп отырмыз. Бұл бізді қорқытпайды, керісінше, ынталандырады. Себебі біздің өзіміздің саяси платформамыз бар. "Ауыл" партиясының ауыл және ауылды аумақтарды дамыту концепциясына қосатын өзінің ұсыныстары бар. Сондықтан біз жаңа сайлау циклінде адал және ашық күреске дайынбыз", - деп атап көрсетті партия басшысы өз мәлімдемесінде.

Айта кетері, президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ жетінші сайланған парламент мәжілісін таратты. 19 наурызда мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сол күні мәслихат депутаттары да сайланады.

Фото: bnews.kz.

Оставьте комментарий

- Президент Республики Казахстан
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас — о внутренней ответственности общества и государства
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай