Қазақстанда әйелдердің еңбегін пайдалану шектелген жұмыстар тізімін алып тастау жоспарлануда

2470 просмотров
0
Ратель
Суббота, 05 Июн 2021, 12:30

Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде дөңгелек үстел өтті, онда әйелдердің еңбегін пайдалану шектелетін жұмыстар тізімін алып тастау мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Читайте также
Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әр қазақстандықтың отаншылдық рухын асқақтатады - президент

Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, әлеуметтік әріптестер және басқалар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында ҚР Еңбек кодексінің 16 және 26-баптарына әйелдер еңбегін пайдалануды шектейтін жұмыстар тізімін алып тастауға бағытталған өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Бұл тізімде 213 кәсіп пен жұмыс түрлері бар, онда әйелдердің жұмыстың ауырлығына, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларына байланысты жұмысқа орналасуы шектелген.

Тізімді алып тастау әйелдердің барлық жұмыстарға тұра алуын қамтамасыз ету арқылы олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге және кемсітушілікке жол бермеу бойынша ратификацияланған халықаралық құжаттар шеңберінде Қазақстанның өзіне алған міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде және денсаулық сақтауды, сондай-ақ ана болуды қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің қолда бар тетіктеріне қосымша бірқатар шараларды қарау ұсынылады.

Осылайша, әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын кәсіптер мен жұмыс түрлерін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне енгізу мәселесі қаралады, оларда жұмыс істеу қосымша ақылы еңбек демалысына және жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, сондай-ақ еңбекақының арттырылуына құқық береді (тізімде 8940 жұмысшы кәсіптер мен басшылар мен мамандар лауазымдары бар).

Читайте также
Кәсіп ашып, салық төлеуге болады: Қазақстанда мобильді қосымша іске қосылады

Бұдан басқа, "Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарында еңбек шарттарын жасасу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін" бала туу функциясымен байланысты әйелдер организмінің физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша медициналық қарсы көрсетілімдермен кеңейту жоспарлануда. Құжатқа әйелдер үшін жалпы шектеулерден басқа, аурулар мен патологиялардың 9 түрлі тобына шектеулер қосу ұсынылады.

Қабылданған шаралар кешенді түрде әйелдердің еңбек бостандығына, қызмет пен кәсіп түрлерін еркін таңдау конституциялық құқықтарын іске асыруға ықпал ететін болады, сондай-ақ еңбек нарығына, қаржылық және өзге де ресурстарға тең қолжетімділік жасау арқылы әйелдердің экономикаға қатысуын кеңейтуді қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Талқылау қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар әйелдердің еңбегін пайдалануға шектеу қойылған жұмыстар тізімінің күшін жоюды қолдады.

Фото: kapital.kz.

Оставьте комментарий

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
От подлинного «құрмет» к суррогату «көкірек»: как жажда признания меняет наше поведение
Почему даже небольшие полномочия становятся способом самоутверждения
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Открытый суд с ограничениями: что мешает журналистам освещать процессы в Казахстане
Семь шагов к открытости судебных процессов
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Brent поднималась до $112,55 после новых атак на Саудовскую Аравию
Удары по нефтяным объектам и аэропортам усилили опасения новых перебоев с поставками с Ближнего Востока
Медведи рядом с Алматы: где их можно встретить и насколько это опасно
Фотоловушки фиксируют хищников на лесных тропах, а специалисты изучают маршруты передвижения краснокнижных животных
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай