Қазақстанда стипендияны төлеу тетігі өзгерді

2336 просмотров
0
Ратель
Вторник, 18 Мая 2021, 17:00

Шілде айынан бастап студенттердің, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы тікелей олардың картасына түсетін болады

Енді студенттердің стипендиясы бұрынғыдай жоғары оқу орындарының шотына аударылмайды. Бұл туралы білім министрлігінің аппарат жиналысында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Читайте также
Шығыс Қазақстанда үй маңындағы арықтан үш жастағы екі баланың мәйіті табылды

"Енді студенттердің, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы тікелей олардың картасына түседі. Яғни, соңғы отыз жылда шәкіртақы, ең алдымен, жоғары оқу орындарына аударылатын. Студенттерге стипендия төлемес бұрын оқу орындары оның оқу үлгеріміне қарайды. Біз осы тұста көптеген тәуекел барын байқадық", - деді Аймағамбетов ведомствоның аппарат жиналысында.

Ол жаңа жүйеге толығымен шілде айында көшу жоспарда бар екенін атап өтті.

Министрдің орынбасары Бибігүл Асылованың айтуынша, жаңа механизм бойынша стипендияны қаржыландыру функциясын енді қаржы орталығы жүзеге асырады.

"Яғни, қаржы орталығы стипендиямен қамтамасыз етудің операторы болады. Ақша жоғары оқу орындарына бөлінбейді, олардың шотында қалмайды. Бұдан бөлек, стипендияны аудару процесі толық автоматтандырылады", - деді вице-министр.

Айтуынша, қазір білім министрлігі жоғары оқу орнының стипендия туралы ақпаратын еш тексерместен қабылдайды. Ал қаржыландыру жоғары оқу орнының жауапты қызметкері, бас есепшісі және ректоры қол қойған орындалған жұмыс актілері негізінде жасалады. Енді студенттердің оқу үлгерімі, статусы ақпараттық жүйе арқылы тексеріледі.

"Стипендияны төлеу мына схема бойынша жүргізіледі: бірінші кезеңде қаржы орталығы пилоттық режимде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдармен келісім бекітеді. Содан кейін жоғары оқу орындары ақпараттық жүйеде гранттағы студенттер контингенті, оқу үлгерімі, статусы туралы мәлімет береді. Қаржы орталығы бұл мәліметтерді мемлекеттік органдардың деректер базасымен салыстырады. Осының бәрі аяқталғаннан кейін ақпараттық жүйе стипендия мөлшерін автоматты түрде есептеп шығарады", - деп түсіндірді Асылова.

Шәкіртақы студенттердің картасына екінші деңгейлі банктер арқылы аударылады.

Бұл ретте министрлік стипендияны касса арқылы қолма-қол ақшамен төлеуден толық бас тартуды көздеп отыр.

Асылова ақпараттық жүйе іске қосуға толығымен дайын екенін атап өтті.

Сурет: Kapital.kz.

Оставьте комментарий

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
От подлинного «құрмет» к суррогату «көкірек»: как жажда признания меняет наше поведение
Почему даже небольшие полномочия становятся способом самоутверждения
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Открытый суд с ограничениями: что мешает журналистам освещать процессы в Казахстане
Семь шагов к открытости судебных процессов
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Brent поднималась до $112,55 после новых атак на Саудовскую Аравию
Удары по нефтяным объектам и аэропортам усилили опасения новых перебоев с поставками с Ближнего Востока
Медведи рядом с Алматы: где их можно встретить и насколько это опасно
Фотоловушки фиксируют хищников на лесных тропах, а специалисты изучают маршруты передвижения краснокнижных животных
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай