Қазақстандық фермерлер алғаш рет сақтандыру төлемін алды

1888 просмотров
0
Ратель
Среда, 26 Авг 2020, 11:20

Егіс алқаптарын құрғақшылықтан сақтандырған шаруашылықтарға 491 миллион теңгенің сақтандыру төлемі берілді

Бұл туралы бүгін "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ баспасөз қызметі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
Қазақстанда 2021 жылы ЖІӨ 2,8%-ке өседі деп күтілуде

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, биыл іске қосылған жаңа сақтандыру жүйесі үйден шықпай-ақ сақтандыру шартын жасасуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығымен айналысатын фермерлер мемлекеттік субсидияның көмегі арқылы сақтандыру шығындарының жартысын өтеп алды.

Айта кетейік, биыл жыл басынан бері агроөнеркәсіп кешенінде ерікті сақтандыру жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл жүйенің операторы – "ҚазАгро" ҰБХ-нің еншілес компаниясы - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры.

Сақтандыру шартын жасасудан бастап сақтандыру жағдайын тіркеуге дейінгі процесс WWW.QOLDAU.KZ платформасындағы "Agroinsurance" ақпараттық сервисінде жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ынталандыру, тәуекелдерді азайту және салаға инвесторлар тарту үшін сақтандыру сыйақыларын субсидиялайтын мемлекеттік қолдау қарастырылған. Шарт жасасқан соң фермер сақтандыру сыйақысы сомасының тек 50%-ын төлейді, қалған бөлігі мемлекеттік қолдау есебінен төленеді.

Топырақтағы ылғал деңгейі спутниктің көмегімен анықталып, мониторинг автоматты түрде жүргізіледі. Сақтандыру жағдайы туралы хабарлама фермердің платформадағы жеке кабинетіне келеді. Содан кейін ол сақтандыру төлеміне өтініш жібереді.

Читайте также
Мемлекеттік арнадағы түрік сериалдары қысқарады - ақпарат министрі

"Биыл маусым айында 60 шаруашылық егіс алқаптарын құрғақшылықтан сақтандырды. Сақтандыру сыйақысы 199 млн теңгені құрады. Оның жартысы мемлекеттік субсидияның көмегімен төленді. Нәтижесінде 47 шаруашылық жалпы сомасы 491 млн теңге болатын сақтандыру төлеміне қол жеткізді", - дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ cақтандыру департаментінің директоры Әсел РАМАЗАНОВА.

Осы жүйенің игілігін көргендердің бірі – егіншілікпен айналысатын қожалықтың басшысы Қанат Әлмұхамедов. Ол бидай, арпа, жүгері, күнбағыс өсіреді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында егістік алқаптары бар. Фермер ерікті сақтандыру жүйесі өте ыңғайлы екенін айтады.

"Биыл 8 315 гектар жерімізді сақтандырдық, 22,5 миллион теңге төледік. Оның жартысын мемлекет субсидиялады. Біздің аймақтарда 60 күнге дейін жауын-шашын болмады. Нәтижесінде, ақпараттық жүйе арқылы өтініш беріп, 86,5 миллион теңге көлемінде өтемақы алдық. Ерікті сақтандыру жүйесі өте ыңғайлы. Барлық операция онлайн форматта өтеді", - дейді шаруа қожалығының басшысы Қанат Әлмұхамедов.

Сақтандыру нарығын одан әрі дамыта түсу үшін WWW.QOLDAU.KZ электронды платформасын жетілдіріп, қызмет көрсету қолжетімділігін арттыру жоспарлануда.

Фото: kapital.kz.

Оставьте комментарий

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
Открытый суд с ограничениями: что мешает журналистам освещать процессы в Казахстане
Семь шагов к открытости судебных процессов
От подлинного «құрмет» к суррогату «көкірек»: как жажда признания меняет наше поведение
Почему даже небольшие полномочия становятся способом самоутверждения
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Brent поднималась до $112,55 после новых атак на Саудовскую Аравию
Удары по нефтяным объектам и аэропортам усилили опасения новых перебоев с поставками с Ближнего Востока
Медведи рядом с Алматы: где их можно встретить и насколько это опасно
Фотоловушки фиксируют хищников на лесных тропах, а специалисты изучают маршруты передвижения краснокнижных животных
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай