Қазақстандық оқушылар үшін III тоқсаннан бастап не өзгереді

3832 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 04 Янв 2021, 14:45

2020-2021 жылдың үшінші тоқсаны 11 қаңтарда басталады, оқушылар мен студенттерге мектепке барып оқуға рұқсат етілді

11 қаңтардан бастап Қазақстанда 9,11,12 сынып оқушылары аралас оқу форматына көшеді. Жоғары сыныптар пәндердің 70%-ін мектепте, қалған 30%-ін қашықтан оқиды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетсек, үшінші тоқсан 2021 жылдың 11 қаңтарында басталып, 19 наурызда аяқталады.

Ата-аналардың пікірін ескеріп, жаңа жылдан кейін 9,11,12 сынып оқушыларына мектепке оралуға рұқсат етілді.

Читайте также
2021 жылы қазақстандықтар неше күн демалады

"Мен мұны өте маңызды шешім деп санаймын. Бұл шешім, ең алдымен, бірнеше айдан кейін қорытынды аттестация, яғни мемлекеттік емтихан тапсыратын балаларға қатысты. Олар тоғызыншы және он бірінші сыныптар. Оқушылар бағдарламаның 70%-ін дәстүрлі режимде және қалған 30%-ін қашықтан оқиды. Аралас оқыту дегеніміз осы", - деген еді білім министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ.

ҰБТ мен қорытынды аттестацияға кіретін пәндер мектепте оқытылады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы елордада аралас оқу форматы қалай жүзеге асатынын түсіндірген болатын.

Оффлайн өтетін сабақ кестесіне орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндері кірген.

Қалған 30 пайызы, яғни информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндері қашықтан оқытылады.

Мектептерде сабақ арасындағы үзіліс әр сынып үшін әртүрлі уақытта белгіленеді. Сабақ ұзақтығы 30 минуттан аспайды. Үзіліс – 5 минут.

Сонымен қатар, Жаңа жылдан кейін мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, үшінші тоқсаннан бастап 300 оқушыға дейінгі контингенті бар қалалық және ауылдық мектептерде балаларды дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етіледі. Бірақ ол жердегі балалар саны 15 адамнан аспауы тиіс.

Сондай-ақ, колледждер мен университеттердің 1-курс студенттері де II семестрден аралас оқу форматына көшеді.

Фото: elorda.info.

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай