Қазақстанның қай жерінде сапалы бензин сатылады?

1609 просмотров
0
Ратель
Суббота, 21 Окт 2023, 13:30

Алматыда Qazaq Oil жанармай құю станциясында жоспардан тыс тексеру өтті

Бұл жолы бензиннің сапасын БАҚ өкілдері тексерді. Тілшілер Розыбакиев пен Егізбаев көшелері қиылысындағы станцияның жұмысын бақылады.

- Бензиннің сапасын міндетті түрде тексеру керек. Ең алдымен температурасын, тығыздығын октан санын анықтаймыз. Егер кейбір параметрлер дұрыс болмаса көлік қозғалтқышына, экологияға зиянын тигізеді. Сол үшін осы мәселені міндетті түрде бақылауда ұстап отырамыз.

Ай сайын станцияларға қызметкерлер барып, сынама алып, зертханаларда зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан, біз кері байланысқа шығып, шағымдармен жұмыс істеуге дайынбыз. Біз клиенттің көзінше тексеру жүргізе аламыз. Бірақ биыл ондай арыз түспеді, - деді станция менеджері Ардақ НЕСІПБЕКОВА.

Тексеру процесі туралы Qazaq Oil зертханалар директоры Ғалия МЕДЕТБАЕВА айтып берді.

- Біздің зертханалар Алматы, Астана, Атырау сияқты ірі қалаларда орналасқан. Басты мақсат  – зауыттан бастап тұтынушыға дейін жететін мұнай өнімдерінің сапасын бақылау. Зауыттан келетін мұнай өнімдерін қабылдау кезінде де сынама алынады. Вагон цистерналар мұнай базасында тексеріледі. Сақтау кезеңінде де мұнай базаларында айына бір рет мұнай өнімдерінің сапасын тексеру үшін сынама алып отырамыз. Ай сайын жанармай құю станцияларындағы сынамалар зертханаға жеткізіледі, - деді Ғалия Медетбаева.

Мұнай Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларынан жеткізіледі. Қазақстандағы зауыттар еуростандартқа көшкен. Мұнда тек  4 және 5 классты бензин өндіріледі.

Тексеру барысында төменгі, ортаңғы, жоғарғы орналасқан резервуарлардағы бензиннен сынама алынды.

Содан кейін тілшілер зертханаларға Алматы облысына барды.

Зертханаларда бензиннің октан саны, фракциялық құрамы, күкірт пен су мөлшері, қату температурасы тексеріледі (егер дизель отыны болса). Инженер арнайы қондырғыда ең басты көрсеткіш октан санын тексерді. 

Егер октан саны жоғары болса қозғалтқыш жұмысы барысында жану деңгейі тұрақты болады.

Тексеру нәтижесінде АИ-95 маркалі бензинінің октан саны 95,7 көрсетті. Бұл көрсеткіш өте жақсы дегенді білдіреді.

Сонымен қатар, зертханада фракция құрамы тексерілді. Ол моторды қосу қаншалықты жеңіл болатынын көрсетеді.

- Біз автоматты немесе қолдан тексеру тәсілін қолданамыз. Қолдан тексеру кезінде температураны, булану мөлшерін өзіміз анықтайтын боламыз, - деді аға лаборант Айзада ЖАРБОЛОВА.

Тағы бір маңызды көрсеткіш  – тығыздық. Ол үшін лаборант бензинді цилиндрға құйып, термостатты қосады. Тығыздықты ареометр арқылы өлшейміз. Талдаудың арқасындағы паспорттағы мәліметтердң шынайылығы тексеріледі.

Журналистер тексеру барысында Qazaq Oil жанармай станциясындағы АИ-95 маркалі бензин ГОСТ стандарттарына сай екендігіне көз жеткізді.

Бензинде механликалық қоспалар мен су жоқ болып шықты.

Сонымен қатар, компания қызметкерлері Қазақстанда жаңа отандық сауда маркасы Tulpar-95 бензині шыққанын айтып берді. Бұл жоба франциялық Total Energies мұнай компаниясымен бірігіп жасалып жатыр.

- Есеп бойынша жүргізушілер бензинді 5 пайызға дейін үнемдей алады. Жану қалдығы қалмайды. Соның арқасында қозғалтқышты қосу жақсара түседі, - деді мамандар.

ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСІП, МАҚАЛАНЫ ТАЛҚЫЛАУ ҮШІН  ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента