Байқоңырда жүздеген адам жоғалған баланы іздеп жатыр

2094 просмотров
0
Ратель
Вторник, 23 Фев 2021, 17:30

Іздеу жұмыстарына Қазақстан мен Ресейдің құтқарушылары, полицейлері жұмылдырылған, сондай-ақ 500-ге жуық ерікті атсалысып жатыр

Байқоңыр қаласында жоғалып кеткен баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

20 ақпанда Байқоңырда 8 жасар Нұрәлі Оразбаев пен Ерхан Анасты іздеу басталды. Олар таңғы 10:30 шамасында "Маяк" спорт кешенінен шыққан соң жоғалып кетті.

Читайте также
Байқоңырда мәйіті табылған баланың неден қайтыс болғаны хабарланды

Бір күннен кейін Ерхан Анастың мәйіті Сырдария өзені бойынан табылды. Өзен балалар жаттыққан спорт кешенінен екі жүз метр қашықтықта орналасқан. Нұрәлі Оразбаев әлі табылған жоқ.

Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев қазақстандық құтқарушылардың Ресей төтенше жағдай министрлігі қызметкерлері, полициясымен бірлесе жұмыс істеп жатқанын айтты.

"Іздеу жұмыстарына еріктілер де қатысып жатыр", - деді Молдақараев.

Ерікті ретінде 500-ге жуық жергілікті тұрғын атсалысып жатыр. Олар баланы негізінен Сырдария өзені жағасынан іздеп жүр.

"Қазірдің өзінде бірнеше шақырым жерді жүріп өттік. Түнде күннің суық болуы, содан өзен мен топырақтың қатып, таңертең қайтадан еріп, балшық болуы жұмысты қиындатуда. Бізге от жағып беріп жатқан адамдарға рақмет, оның көмегі зор. Баланы іздестіруді жалғастырамыз, тірі табылады деп үміттенеміз", - деді еріктілердің бірі.

Айта кетейік, 21 ақпанда Байқоңырда сегіз жасар екі баланың жоғалып кеткені белгілі болды. Кейінірек бір баланың денесі табылды.

Сот-медициналық сараптама өлімнің себебі суға батқан кезде тыныс алу жолдарының жабылуы салдарынан пайда болған механикалық асфиксия екенін көрсетті.

Ерхан Анасқа қатысты зорлық әрекеті жасалғанын куәландыратын дерек жоқ екені айтылды.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай