Баспана алу тәртібі қалай өзгерді: "сатылы жүйенің" ерекшелігі қандай?

2504 просмотров
0
Ратель
Среда, 17 Июн 2020, 18:00

Жергілікті атқарушы органдарда жиналған барлық мәлімет пен кезекте тұрған адамдардың тізімі банкке берілуі мүмкін

Қазақстанда тұрғын-үй саясаты нарықтық экономика заңдарына сай жүргізіле бастады. Бұрынғыдай тегін үй жоқ. Үкімет те бұдан былай баспана кезегіне тұрған халықты "төлем қабілеті бар" және "төлем қабілеті жоқ" деп екі санатпен ғана қарастыратынын қайта-қайта айтып келеді. Бұның барлығы сатылы жүйемен жүзеге асады. Ал әкімдіктегі баспана кезегі "Отбасы банкіне" берілсе, адамдар "қалтасына қарай пәтер алу жүйесін" толығымен түсінетін сияқты. Sputnik Қазақстан тілшісі тұрғын-үй саясатының қалай өзгергенін зерделеп шықты.

Читайте также
Социальное жилье или долговая яма?

Тұрғын-үй саясаты қалай өзгерді?

Бұрын мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала мамандары мен жас отбасыларға арналған тұрғын үй бағдарламалары жиі қолға алынатын. Сол кезде республика бойынша біраз адам баспаналы болды, пәтерді нарықтық бағадан екі-үш есе арзанға алуға мүмкіндік жасалды. Дегенмен, осы іспетті бағдарламалардың кемшілігі де анық байқалды. Біріншіден, құрылыстың сапасы сын көтермеді. Екіншіден, мемлекеттік бағдарламамен таратылған пәтерді жалға беру жағдайлары көбейді. Демек, арзан пәтерді қалталы азаматтар да алды.

Ал мүгедектер, жетімдер және тағы басқа әлеуметтік жағдайы төмен адамдар әкімдікке сүйретіліп, баспана кезегіне тұрды. Үкіметтен тегін пәтер алуды армандады. Себебі өз ақшасы тамағынан артылмайды.

Германияның тәжірибесі негізінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ашылған соң халық баспанаға ақша жинауды үйрене бастады. Үкімет те тұрғын үй саясатын өзгертуге кірісті.

Бүгінде мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала мамандары мен жас отбасыларға арналған мемлекеттік бағдарламалар келмеске кетті. Тұрғын үй жинақтарына басымдық жасалып отыр. "Үй алғың келсе, ақша жина!" қағидаты кеңінен насихатталады. Ал ақша жинауға жағдайы жоқ адамдар үшін жалдамалы баспана беру шаралары қолға алынды. Осылайша, "төлем қабілеті бар" және "төлем қабілеті жоқ" деген санаттар пайда болды. Бұдан былай баспанаға мұқтаж адамдарды тек солай ғана екіге бөліп қарастырады.    

Читайте также
Мұғалімдердің демалыс ақысы кейбір өңірлерде уақтылы төленбеген - БҒМ

Сатылы жүйенің ерекшелігі қандай?

Сонымен, "төлем қабілеті бар" және "төлем қабілеті жоқ" адамдарға баспана қалай беріледі? Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сатылы жүйені әзірлеп қойды. Оған сәйкес, әрбір адамға табысына қарай баспана ұсынылады. Былайша айтқанда, әркім қалтасына қарай пәтер алады. Сатылы жүйенің бағыттары:

  • отбасының әр мүшесіне санағанда ай сайынғы табыс 1 күнкөріс шегінен немесе 31,2 мың теңгеден аспаса, онда жалдамалы пәтер беріледі;
  • отбасының әрбір мүшесіне шаққанда кіріс 2 күнкөріс шегі немесе 62,4 мың теңгені құраса, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша жылдық 2 процентпен ипотека алуға болады;
  • отбасының әрбір мүшесіне санағанда ай сайынғы табыс 3 күнкөріс шегінен - 96 мың 700 теңгеден аспаса, жаңа "5-10-20" бағдарламасына қатысуға болады.

Ал табысы одан жоғары адамдар екінші деңгейлі банктер арқылы "7-20-25" бағдарламасымен ипотека рәсімдей алады. Осы жүйенің бір артықшылығы, қалталы азаматтар арзан пәтер сатып ала алмайды. Себебі отбасының әрбір мүшесіне шаққанда табыстың көлемі анық жазылған. Одан асып кетсе, жалдамалы пәтер де, жеңілдетілген ипотека да берілмейді.

Читайте также
Қазақстанның халық саны 18 млн 700 мыңнан асты

Алғашқы жарнаны кім береді?

Осылайша, әрбір адамның төлем қабілеттігіне баса назар аударылады. Бұрынғыдай әлеуметтік мәртебеге қарамайды. Мәселен, әкімдік кезегінде тұрған жетім балалар, I және II топ мүгедектері, зейнеткерлер және тағы басқалар жалдамалы пәтерге кіре алады. Әрине, ондай баспана кезекпен беріледі. Бірақ оны жеке меншікке аударуға рұқсат жоқ.

Сол сияқты көпбалалы, толық емес және мүгедек балаларды асырап отырған отбасыларда әрбір адамға шаққанда табыстың көлемі 31,2 мың теңгеден аспаса, жалдамалы пәтерге құжат тапсыруға мүмкіндік бар. Бірақ кірістің мөлшері 1 күнкөріс шегінен артылған жағдайда олар автоматты түрде "төлем қабілеті бар" адамдардың санатына өтеді де, 2 процентпен, я болмаса, 5 процентпен ипотека алуға тура келеді.

Бірақ осы орайда заңды бір сауал туындайды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар алғашқы жарнаны қалай жинайды? Жаңа жүйенің кемшін тұсы осы болса керек.

Әкімдікте баспана кезегі болмай ма?

Жақында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВ "төлем қабілеті бар" және "төлем қабілеті жоқ" адамдардың бірыңғай тізімін жасау жайында айтты. Оның айтуынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізінде ашылатын "Отбасы банкінде" бірыңғай тізім болады. Сол бойынша жалдамалы және кредиттік баспана беріледі. Ал ең бастысы, үй алу құқығы белгілі бір қаламен шектелмейді.

"Қазақстан азаматы "Отбасы банкінің" ақпараттық базасында болатын кезек бойынша баспананы кез-келген облыста ала алады", - дейді Атамқұлов.

Читайте также
Қазақстан екі елмен шекарадағы автокөлік пункттерін жартылай ашты

Демек, "Отбасы банкінде" бірыңғай тізім болса, әкімдікте кезек жүргізудің қажеті болмай қалады. Жергілікті атқарушы органдарда жиналған барлық мәлімет пен кезекте тұрған адамдардың тізімі банкке берілуі әбден мүмкін. Әзірше, нақты алгоритм жоқ. Алайда осыдан кейін адамдар әкімдікке емес, банкке барып, кезекке тұратын болса, әлеуметтік мәртебеден бұрын төлем қабілеті маңызды екенін түсіне бастайды.

P. S. Бүгінде астанада митингке жиі шығып жүрген көпбалалы аналар үкіметтен тегін баспана берілмейтінін түсінген сияқты. Бұрын олар пәтер беруді талап етсе, соңғы кезде 2 проценттік ипотеканың шарттарын жеңілдетуді сұрай бастады. Алғашқы жарнаны алып тастау қажет дейді. Себебі көп баламен алғашқы жарнаны жинау мүмкін емес. Шыны керек, орынды мәселе.

Фото: © Sputnik / Алексей Филиппов.

Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Невидимое братство независимой страны
Интервью с Великим Мастером Великой Ложи Казахстана Айдаром Алпысбаевым ко Дню Независимости
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером