Бір жылда кәсіпорындарда 200 адам көз жұмды

1806 просмотров
0
Ратель
Суббота, 22 Янв 2022, 10:00

Үкімет қызметкерлердің еңбек құқықтары мен жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруды

Қазақстанда 2021 жылы өндірісте жарақат алу мен өлім-жітім деңгейі төмендеген, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Мұндай деректер әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның кезекті отырысында айтылды.

Читайте также
Доллар бағасы қайта қымбаттады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, еліміздің кәсіпорындарында 1465 адам зардап шекті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ке төмен (2020 жылы – 1503 адам).

Сонымен қатар 200 адам қайтыс болды, бұл 205 адам қайтыс болған 2020 жылмен салыстырғанда 2,4%-ке төмен.

"Жұмыскерлер еңбек құқықтарының сақталуын 246 мемлекеттік еңбек инспекторы бақылайды, олар 2021 жылы 5 130 тексеру жүргізді, нәтижесінде 10 783 заң бұзушылық анықталды. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша жұмыс берушілерге 3 371 ұйғарым беріліп, 278,2 миллион теңге сомасына 1 334 айыппұл салынды", – деді Серік ШӘПКЕНОВ.

Тұжырымдаманы іске асыру барысында 2030 жылға қарай зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер санын 15%-ке дейін төмендету, өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккендер санын 0,24-ке дейін (1000 жұмысшыға) төмендету, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы заң бұзушылықтарды елдегі жалпы көрсеткішке шаққандағы үлесін 15%-ке дейін төмендету жоспарлануда.

Үкімет қызметкерлердің еңбек құқықтары мен жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруды, еңбек жанжалдарына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Фото: gov.kz.

ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАШ КАНАЛ И ЧИТАЙТЕ НАС В TELEGRAM!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай