Бишімбаев түрмеде де тыныш отырмай жүр

4164 просмотров
0
Ольга ВОРОНЬКО
Среда, 05 Фев 2025, 15:00

Оның саксофонда ойнауына мүмкіндік бермей қойған деседі

Әйелін өлтіргені үшін сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық БИШІМБАЕВ Степногорскте жазасын өтеп жатыр.

Бірақ тыныш жатпай, тәртібім мен белсенділігім еленбеді, репетициямен айналысуыма бөгет жасады, деп шағымданыпты.

Читайте также
Қазақ билігінде Бишімбаев сияқты қанша министр бар

Қуандық Бишімбаев отырған қауіпсіздігі жоғары колониядағы ережелерге сәйкес, мекемеде алғашқы ынталандыру шарасының қызығын колонияға келгеннен кейін кемінде үш ай өткен соң ғана көруге болады. Ынталандыратын игіліктер сотталғанның тәртібі жақсы болса, еңбекке, оқуға зерек болып, жұмыстар пен тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысса, сондай-ақ өз қылмысымен келтірген залалды өтеу шараларын қабылдағаны үшін беріледі.

Бишімбаев мекемеде шахмат турнирін ұйымдастырып, онда өзі жеңімпаз болыпты. Сосын Рахымжан ҚОШҚАРБАЕВТЫҢ жүз жылдығына орай сотталғандарға қазақ лейтенантының Рейхстагқа жеңіс туын ерлікпен тіккені туралы дәріс оқыпты.

Алайда Ratel.kz-ке ақпарат берген дереккөздің мәліметінше, оған бұл белсенділігі үшін бір де бір ынталандыратын жеңілдік берілмепті, ал колонияға одан кейін түскендер ондай жеңілдіктерді алып үлгеріпті.

Рас, қауіпсіздігі жоғары колонияда ынталандыру деген бар. Сол арқылы сыйақы алуға, қосымша қысқа мерзімді кездесу, мереке күндері азық-түлік пен қажет заттарға 1 АЕК-ке дейінгі сомаға қосымша ақша жұмсауға рұқсат алу, бұрын салынған жазаны мерзімінен бұрын алып тастау мүмкіндігі беріледі.

Дереккөздің мәліметінше, Бишімбаев ынталандыру шараларының жоқтығына шағымдануға тырысқаннан кейін, оның саксофонда ойнап жүрген репетиция бөлмесі жөндеуге жабылып қалыпты. Қашанға дейін жабылғаны белгісіз.

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Аударған А.Олжаев. 

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай