Депутат Бектаев әр балаға 18 жасқа дейін қаржы бөлуді ұсынды

1797 просмотров
0
Ратель
Четверг, 12 Ноя 2020, 16:15

Әли Бектаев Қазақстанда "бала капиталын" енгізіп, қаржыны арнайы карточкалар арқылы әр баланың қажетіне ғана жұмсау керек деп есептейді

Сенат депутаты Әли Бектаев мемлекет тарапынан әр балаға 18 жасқа дейін кепілді және міндетті әлеуметтік қолдау көрсетуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сенатор елдің қазіргі әлеуметтік жүйесі бытыраңқы екенін атап өтті.

Читайте также
Қазақстанда қауіпті өнімді жедел анықтайтын институт енгізілуде

"Балаларға берілетін жәрдемақы ең төменгі кедейшілік шегінің 70%-ін құрайды. Олай болса, оларда Отанға деген патриотизм мен сүйіспеншіліктің сол деңгейде болатыны айдан анық. Мұның барлығы Қазақстанға жаңа әлеуметтік саясат енгізу қажет екенін көрсетеді. Жаңа саясат, негізінен, балаларды қорғауға және қолдауға бағытталуы қажет", - деді Бектаев үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында.

Депутаттың пікірінше, мемлекет балалардың әрқайсысын, тұрмыстық жағдайына қарамай, туған кезден 18 жасқа толғанға дейін кепілді және міндетті әлеуметтік қолдаудың жаңа стандарттарын енгізуі қажет.

"Балаларға бөлінетін бұл қаржы әлеуметтік көмек немесе жәрдемақы деп те аталмауы тиіс. "Бала капиталы" деген атаумен арнайы карточкалар арқылы әр баланың қажетіне ғана жұмсалуы керек. Әрине, ол бүгінгі әлеуметтік стандарттан әлдеқайда жоғары болуы шарт. Оған мемлекеттен қомақты қаржы да бөлінуі керек. Бірақ, балаларға жұмсалған капитал ертең еселеніп қайтатынына ешқандай да күмән жоқ", - деді сенатор.

Сонымен қатар, ол балаларға үйде жағдай жасау мақсатында отбасыларды сүйемелдеу институтын, саулық индексін, әр шаңырақтың әлеуметтік карталарын өмірге енгізу қажет деп есептейді.

Депутат қазақстандықтарды қалалық, ауылдық деп бөлмей, оларға әлеуметтік кепілдіктерге бірдей жағдай туғызу мақсатында барлық әлеуметтік бюджетті біріктіретін бірыңғай әлеуметтік қор құруды ұсынды.

Оған мемлекеттік және атқарушы органдар, квазимемлекеттік холдингтер мен кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін жұмылдыру маңызды деп санайды.

Фото: пресс-служба сената парламента Казахстана.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд