Дикий Арман тергеу изоляторынан жоғалып кетті – адвокаттары мәлімдеме жасады

3212 просмотров
0
Ратель
Среда, 02 Фев 2022, 12:00

Адвокаттар жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікке ілінген Арман Жұмагелдиевті тергеу изоляторынан алып кеткеніне сенімді. Бірақ қайда және не үшін екенін олар білмейді

Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің адвокаттары күдіктінің Алматыдағы тергеу изоляторынан шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik. Бірақ олар жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікке ілінген ер адамды қайда және неге алып кеткенінен бейхабар.

Читайте также
Криминальный каганат

Адвокат Талғат Есімовтің айтуынша, құқыққорғаушылар Жұмагелдиевпен бір күн бұрын таңертең көріскен, ол жауап беруге дайындалып жатқан.

"Біз әріптестермен бірге онымен екі рет, соңғы рет бір күн бұрын таңертең кездестік. Бізбен бірге Бас прокуратура құрған ведомствоаралық жедел тергеу тобының мүшелері кірді. Жауап алу кезінде Арман Жұмагелдиев тергеу органдарына көмектесуге дайын екенін мәлімдеді", - деді Талғат Есімов.

Бірақ ақпанның 1-інен 2-сіне қараған түні құқыққорғаушылар өз қорғалушысының тергеу изоляторынан шығарылғанын білген. Адвокаттарға бұл жайлы ешкім хабар бермепті.

"Біз тергеу органдарына хабарластық – олар да ештеңе білмейді", - деп нақтылады Есімов.

Екінші адвокат Қуат Сәлиевтің сөзінше, заң бойынша адвокаттарды қорғалушының кез келген қозғалысынан хабардар етуге тиіс.

"Бірақ бізге ешкім ештеңе деген жоқ. Біздің ақпаратымыз бойынша Арман Жұмагелдиевті басқа жаққа алып кеткен, бірақ қазір оның қайда екені белгісіз", - деді Сәлиев.

Читайте также
Аймағамбетов кімдер ҰБТ тапсырмай грантқа түсе алатынын айтты

Сондай-ақ олар бұған дейін Дикий Арманның суицидке қарсы екенін айтқанын атап өтті. Күдіктінің тағы бір адвокаты Виктор Кривоносовтың сөзінше, ол өз-өзіне қол салуды ешқашан ойлаған емес.

Айта кетері, қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Еске салсақ, 7 қаңтарда ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі, сондай-ақ Дикий Арман Алматы полиция департаментінің арнайы операциясы барысында ұсталды. Олардан маркасы мен калибрі әртүрлі төрт жартылай автомат тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен брондалған автокөлік тәркіленді.

Бұған дейін Жұмагелдиев оны Алматыда тәртіпсіздікке қатысқандар соққыға жыққанын мәлімдеген еді. Дикий Арман арандатушыларды жау деп атап, адамдарды бүлікті тоқтатуға шақырды.

Фото: arman.zhumageldiev / Instagram.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай